Джеймс Бондтың жанкүйерлері сүйікті кейіпкерімен 24-фильмінде қайта қауышады. Бұл фильмде басты кейіпкер Бондианың рөлін Дэниел Крэйг сомдайтын болады. Ол осыған дейін "Денесінде айдаһар бейнеленген қыз" (түпнұсқасы: "Тhe Girl with the Dragon Tattoo", орысшасы: "Девушка с татуировкой дракона") фильмінде ойнаған болатын.
Британдық тыңшы Бондиана бұл жолы «Спектр» деп аталатын құпия ұйыммен күреседі. Фильмдегі қыздың рөлін Леа Сейду ойнайды. Ал қатыгез кейіпкердің рөлін аустриялық Кристоф Вальц сомдайды.
Фильмнің түсірілімі Римде, Лондонда, Мароккода, Аустрияда және Мехикода өткен. Кино бір жылдың ішінде түсірілген.
Фильм қалың көрерменге қараша айында ұсынылады.