Желіде ең атақты құпия агент туралы 25-ші фильмнің шығуы жайлы жаңа мәліметтер пайда болды. Жаңа фильм "Өлуге уақыт жоқ" (No Time to Die) деген атау алды. Бұл туралы 007 агентінің Twitter-дегі ресми аккаунтында хабарланды.
Картина режиссері – Кэри Фукунага. Фильм тұсаукесері 2020 жылдың сәуір айына жоспарланып отыр. Актерлік құрамға басты рөлді ойнайтын Дэниел Крейгтен басқа Рами Малек, Леа Сейду және Лашана Линч кірді.
Дэниел Крейг Бондты 2006 жылдан бері ойнап келеді. Агент туралы 25-ші фильмде Дэниел 007 статусынан айырылып, оны актриса Лашана Линч ауыстырады. Лашана "Капитан Марвел" фильміндегі Мария Рэмбо рөлімен атақты.