Джеки Чанның үздік трюктері

Джеки Чан – атақты әртіс, каскадер, кинорежиссер, продюсер, сценарист, әнші. Джеки кинодағы мансабын каскадерліктен бастаған. Ол танымал Брюс Лидің киноларына түсіп, сол кезден бастап өзін актер ретінде көрсетеді. Күш-жігерге толы, қайсар мінезді актер аса қауіпті трюктерді өзі орындап, басын талай рет қатерге тіккен. Қазіргі таңға дейін ол 100-ден астам фильмде басты рөлді сомдаған. 2000 жылдары Джеки экшн жанрындағы фильмдерді көптеп түсірген. Ол Италия басылымдарына берген сұхбатында өзін сахнада ойнайтын жауынгер емес, төбелесе алатын актер ретінде дәлелдегісі келетінін айтқан. Біз сіздерге киносүйер қауымның сүйікті актері Джеки Чанның ең үздік трюктерін ұсынып отырмыз.

 

Ұқсас жазбалар:

Джеки Чан жеке ұшағын халыққа көрсетті

Джеки Чан: "Қарсыласым деп Джет Лиді ғана мойындаймын"