Чопстикстен (ас таяқшасы) не жасауға болады деген сұраққа Хонг есімді қыз жауап іздеді. Хонгтың лақап аты - "Red". Ол бүкіл әлемге танымал Джеки Чанның портретін жасады. Сәулетші мұны әртістің 60 жасына сыйлық ретінде ұсынғысы келген. Себебі бұған дейін сәулетші өз мансабында Джеки Чанмен бірге жұмыс істеген. Өнер иесі 64 000 чопстиксті мөлшерлеп біріктіріп, керемет өнер туындысын жасады. Ол үшін малайзиялық сәулетшіге бір ай уақыт қажет болған. Хонг жұмыс кезінде әрбір таяқшаны есеппен, тиянақты құрастырған.
Хонг: "Мен портрет жасау үшін қандай материал пайдалану керектігі туралы ұзақ ойландым. Джеки Чан - әлемдегі ең танымал тұлғалардың бірі. Сосын Қытай мәдениетін білдіретін чопстиксті қолдануды құп көрдім. Бұл әрекетім арқылы кез келген заттан өзгеше дүние жасауға болатынын дәлелдегім келді, - деді.