Кеше, яғни желтоқсанның 25-і күні актер Джеки Чан өз ұлының ісіне байланысты тұңғыш рет Цин Хуа агенттігінің журналистеріне жауап берді.
«Мен өз бет-беделімді пайдаланып, ұлымды құтқаруға тырыспаймын, ол қайтып шыққаннан кейін өзінің басынан өткізгендерін жастарға айтып берсе екен деймін. Есірткіні шектеудің бас елшісі болуынан үміт етемін», - деді Джеки Чан тілшіге.
Естеріңізге сала кетейік, танымал актер Джеки Чанның ұлы Джейси Чан мен оның досы актер Кай Коны тамыз айында Пекин полициясы есірткі алып жүргендері үшін қамауға алған болатын. Таяуда Джейси Чанға байланысты сот айыптау қорытындысы шығып, оның 3 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін екені жайлы айтылған.
Сурет: vk.com