- Негізгі бет
- Кино
- Джеки Чан мен...
Джеки Чан мен Димаш Құдайберген Астана сахнасында ән шырқады
Бүгін Джеки Чан Астанаға тұңғыш рет аяқ басты. Джеки Чанмен бірге брифинг ұйымдастырылып, атақты актер журналистердің сұрақтарына жауап берді.
"Қазір Бейжіңде кунг-фу бойынша жаттығулар жүргізудеміз, алдағы жылы онда мектебімізді ресми түрде ашуға ниеттіміз. Сондықтан да осы мүмкіндікті пайдалана отырып, осы өнерге қызығушылық танытқан адамдар Бейжіңге келіп, кунг-фуды меңгеруді өтінер едім. Бүгінде осы саладағы жұмыстарымыз жаңадан қарқын алуда, осы орайда болашақта барша әлемде мектептерді ашуға ниеттімін. Мүмкін Қазақстанда да кунг-фу мектебі ашылып қалар", - деді Джеки Чан.
"Мен әрқашан да қайырымдылыққа үлесімді қосуға әзірмін. Сондықтан бұқаралық ақпарат құралдары көмекті қажет ететін проблемалар жайында жиі мәлімет таратса деген ұсынысым бар. Шын мәнінде Қазақстан жайында толық білмеймін. Негізінен әлем бойынша қайырымдылықпен айналысқан кезде БАҚ өкілдері маған қандай көмекті көрсетуге болатындығы жайында хабардар ететін", - деп сөзін жалғады әйгілі актер.
Сондай-ақ Джеки Чан Димаш Құдайберген туралы да айтып өтіп, оның болашақта үлкен актер болатынына да сенім білдірді.
Брифингтен кейін Джеки Чан сахнаға шығып, жиналған көрерменге ән орындап берді. Әнін аяқтағанда Димаш Құдайберген тосыннан сахнаға шығып, Джеки Чанмен құшақтасып амандасты. Әнші әйгілі актердің алдында қытай тілінде ән шырқады.
Р. Роза