Дизайнерлер туралы деректі фильмдер

Дизайнерлер туралы деректі фильмдер

Деректі фильмдердің кейіпкерлері – шынайы. Олардың тарихы, кеңесі мен айтары бар. Олар шабыт сыйлайды, әлемге өзгеше көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Бұл топтамада дизайнмен байланысты деректі фильмдерді жинадық: көше суретшісінен бастап, әлемге танымал дизайнерлер тарихы бар.

«Дизайн данышпаны»
«BBC: The Genius of Design»«Дизайн данышпаны» (BBC: The Genius of Design) — күнделікті бәсекеге қарамастан, дизайн саласының жетілуіне атсалысып жатқан адамдардың хикаясын баяндайтын жоба.

«BBC: Әлемді құрайтын өнер»
«BBC: How art made the world»Өркендеу дәуірінің негізін қалаған суретшілер өнер тарихын баяндайды. Фильм түсіру кезінде тарихшы Найджел Спайви ежелгі ұлы империя халықтары мекендейтін аймақтарда болып қайтады. 

«Pantone өнеркәсібі»
«Inside the Pantone color factory»Pantone түсті палитрасы – әлемдік аренада бақ сынап жүрген суретшілер мен дизайнерлердің сүйікті құралы. Бұл деректі фильмде түстер палитрасының шығуы, оны өндіру әдістері мен бізге беймәлім тұстары көрсетіледі. 

«Неге адамдар ойлап шығарады?»
«Why Man Creates»«Неге адамдар ойлап шығарады?» — анимациялық деректі фильм «Оскар» премиясын иемденген болатын. Фильмде шығармашылық «табиғатын» сипаттай отырып, адамдардың ойлау жүйесін мысалға келтіреді. Адамдар неге ойлауға құмар және неге шығармашылықпен айналсады деген сауалдарға жауап береді.

«Гельветика»
«Helvetica»«Гельветика» — типографика туралы деректі фильм. Шрифтің әлемдегі орны, графикалық дизайн да, көру аймағы мен мәдениеттегі рөлі айтылады. Фильмде шрифтердің адам өміріне әсері де сипатталады.

«Милтон Глейзер: Ақпарат пен рахат»
«Milton Glaser: To Inform and Delight»Милтон Глейзер — америкалық графикалық дизайнер. Газет, журнал дизайнынан бастап, интерьерге дейін, логотиптер мен жазбалар, суреттер – фильм дизайнердің шығармалығын баяндайды.

«Диана Вриланд — саяхаттауға тиісті көзқарас»
«Диана Вриланд — Взгляд должен путешествовать»Сән әлемін бағындарған Диана Вриланд – сән журналдарының редакторы қызметін атқарған. Ол Harper’s Bazaar және Vogue сынды басылымдармен жұмыс істеп,  Нью-Йоркте «Метрополитан» мұражайында өткен көрмелерді ұйымдастырған. 1965 жылы оның есімі әлемдегі ең сәнді әйелдер (The International Best Dressed List Hall of Fame) тізіміне енді.

«Суретшілер қолтаңбасы» 
«Sign Painters» Дүкендер, мекеме мен ғимараттарды олардың маңдайша жазулары арқылы табамыз. Күнде көреміз, бірақ, назарға жиі ала бермейміз. Бұл фильм дәл осы маңдайшалардағы жазулардың дизайнымен айналысатын адамдарға арналған.

«Тамақ өнеркәсіп дизайны»
«Food Design»«Тамақ өнеркәсіп дизайны» — тағамдардың өздерінен бастап, қаптамаларына дейінгі дизайнын ойластыратын адамдар жөнінде. Күн сайын мыңдаған маман тағамның дәмі, иісі мен түрін халыққа жағымды ету үшін қызмет етеді.

«Джонатан Айв: Бас әріпті дизайнер»
«
Джонатан Айв: Дизайнер с большой буквы
»
Apple өнімін қолданасыз ба? Ендеше, бұл адамды міндетті түрде білуіңіз керек. Өйткені, бүгінде танымал бренд дизайнының негізін қалаған Джонатан Айв болатын. Оның өмірі де тек сәттіліктен тұрған жоқ, оның құлаған шақтары да болды. Фильм дәл осы сәттерді көрсетеді.

Т. Есқали