Дисней Мауглиді қайта жаңғыртпақ

Дисней Мауглиді қайта жаңғыртпақ

Атақты Дисней студиясы Редьярд Киплингтың «Джунгли кітабы» атты жаңа туындысын жарыққа шығармақ.

Маугли туралы жаңа фильмге сценарий жазуды Дисней студиясы Джастин Маркске тапсырған. Осыған дейін ол Streetfighter бейнеойыны сериясының негізінде өмірге келген «Көше батыры» фильмін жарыққа шығаруға да ат салысқан болатын.

«Джунгли кітабы» 1894 жылы жарыққа шыққан болатын. Оған берілген авторлық құқықтың жарамдылық мерзімі аяқталып та қойған. Сондықтан Дисней компаниясына Киплингтің шығармасын экрандау үшін оның мұрагеріне ақша төлемесе де болады. Кітапта көптеген әңгімелердің жинағы бар. Әйткенмен бәрі де Маугли жайлы емес. Мауглиден басқа онда Рикки-Тикки-Тави туралы баяндалады.

1967 жылы Дисней студиясы тек Мауглиге ғана акцент беріп, «Джунгли кітабын» экранға шығарып қойған болатын. Бұл экрандау анимация түрінде жарыққа шыққан еді. Ал 2003 жылы осы туындының ізінен «Джунгли кітабы 2» анимациялық фильмі жарық көрді. Оның 1967 жылы шыққан мультфильмнен айырмашылығы – кейіпкерлерді Дисней студиясының актерлерінің сомдағандығында.

Онымен қатар, Киплингтың «Джунгли кітабы» фильмінің экрандалуына Warner Bros компаниясы да білек сыбана кіріспек ниетте. Мұның сценаристі бұрындары Гарри Поттер және «Жаңа өрмекші-адам» туралы фильмдермен жұмыс жасаған Стивен Кловз.

 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: wallpaper-table.ru

А. Әбілхан