Режиссер Стивен Спилберг АҚШ-тағы азамат соғысы туралы картина түсіргелі жатыр. Фильмдегі басты рөлді сомдауға актер Леонардо Дикаприоны шақырады деген болжам бар. Биографиялық драма америкалық саясаткер Улисс С. Гранте өмірінен сыр шертеді. Картина негізіне Рон Чернованың Грант атты туындысы алынады. Бұл кітапты 2017 жылы New York Times үздік нон-фикшн-бестселлер атаған. Батыс басылымдарының жазуы бойынша, Спилберг Дикаприомен бірге Қолыңнан келсе, қуып жет фильмінде жұмыс жасағаннан бері оған лайық екінші картина түсіруді армандап жүрген екен. Бұл тандем тағы көрерменнің көз қуанышына айналары сөзсіз. Десе де, актердің де, режиссердің де әзірге жасалып жатқан өз жобалары жеткілікті. Мысалы, Дикаприо Квентин Тарантиноның Бір күні Голливудта аталатын фильміне түседі деген ақпарат бар. Ал, СпилбергИндиана Джонстың бесінші бөлімін, Вестсайд оқиғасынаремейк, сондай-ақ Қара Қаршығаның экранизациясын түсіреді.