Өткен жолы біз Квентин Тарантино шығармашылығында жаңа туынды пайда болатынын хабарлаған едік. Енді сол картинаның түсіріліміне Леонардо Дикаприоның шақырылғаны белгілі болды. Кинодағыпостмодернизмнің көрнекті өкілдерінің бірі Тарантиноның көпшілік асыға күткенфильмінеParamount, Sony және Warner Bros сынды алпауыт киностудиялар таласқан еді. Картина сюжеті есімі әлемге танымал маньяк Чарльз Мэнсонның 1969 жылы елді дүрліктірген қылмысы негізінде жазылған.Біз айтып отырған Мэнсон америкалық кісі өлтіруші, музыкант, Отбасы қылмыстық коммунасының басшысы. 1969 жылы олар әйгілі режиссерРоман Поланскидіңекіқабат жұбайы, танымал актриса Шэрон Тейтті ішіндегі 8 айлық баласымен қоса қинап өлтірген.Бізге мәлім ақпараттар бойынша, Тарантино сценарийді осыдан 5 ай бұрын жазып бітірген. Енді түсірілімге қажет $ 100 миллион қаржыны жоғарыда аталған киностудияның бірі береді. Америкалық БАҚ хабарлауынша, Тарантиноның жаңа картинасына Леонардо Дикаприомен қоса, Марго Робби мен Брэд Питт сынды актерлер жұмылдырылмақ. Естеріңізге сала кетейік, Квентин Джером Тарантино америкалықкинорежиссер,сценарийші,кинооператор,актержәнекинопродюсер. Тарантино1994 жылыҚойыртпақ шығармасы фильмі шыққаннан кейін әлемге әйгілі болды. Канн кинофестивалініңАлтын пальма бұтағы, Оскар, Алтын глобус, BAFTAжәне тағы басқа көптенген марапаттарының лауреаты. The Guardianжурналы оны әлемдегі ең үздік 40 режиссерлердің тізімінде 17 орынға қойды. Тарантиноның американдық кинематографистердің алдыңғы ұрпағынан айырмашылығы, ол кино өнерін өздігінен зерттеп үйренді. Оның кинематографиялық мәнері поп-мәдениет және артхаустық киноның өзіндік қосылу әсерінен дамыды. Тарантиноның барлық фильмдері тек қана оған тән, басқа режиссерлермен шатастырмас айрықша мәнері бар. Ең алдымен, ол ретсіз құрылым, дәстүрлі баяндаудан ауытқу, зорлық-зомбылықты эстетикалық көркемдеу және ұзақ диалогтар. Фильмдерде жарнама орналастыруын жек көргендіктен, ойдан шығарылған брендтерді жасайды. Мысалы, оның бірнеше фильмдерінде Red Apple темекісі бар. Кейіпкерлері көбіне қара түсті шалбарлы костюмге киеді. Басты кейіпкерлері кем дегенде бір ірі қылмыс жасаған (көбінесе - кісі өлтіру, кейбір фильмдерде - қарақшылық). Ол барлық дерлік фильмдерде лақап және бүркеншік аттарды пайдаланады. Кейіпкерлер жиі кафе немесе мейрамханада отырып тамақ туралы әңгіме айтады.Тарантино туындыларында ол сүйіп өскен фильмдерге сілтемелер бар. Оның фильмдерінде Мексикалық тұйық сценасы бар. Мексикалық тұйық ол үш немесе одан да көп адам бір мезгілде бір-біріне қару бағыттауы. Тарантиноны сыншылар тарапынан жақсы бағаланған және ең табысты режиссерлер қатарына жатқызуға болады. Режиссер жарқын және есте қаларлық бірнеше бейнелер тудырып, кино әлеміне өз эстетикасын және белгілі бір тартымдылық енгізді. Алайда, Тарантино әр түрлі уақытта және әр түрлі себептермен қатты сынға ұшырап та келеді. Квентинның жанкүйерлері мен табынушыларымен қоса, көптеген жек көрушілері де бар. Тарантино басқа мәдениеттерге тым әдепсіз қатынасы үшін сыналды. Оның фильмдеріндегі кейбір сөйлемдер нәсілшілдік ретінде қабылдануы мүмкін. Әсіресе, ол режиссер көп қолданылытын ниггер сөзімен байланысты. Сонымен қатар, режиссер фильмдерде зорлық-зомбылықты шамадан тыс көрсетілуі үшін айыпталады. Бірақ кейбір сыншылардың айтуынша Тарантино зорлық-зомбылықты көрермендерде күшті сезімдер туғыздыру үшін қолданадыжәне ол баяндау құралы болып табылады. Оның фильмдерінде тым көп диалогтар бар екені жиі айтылады және кейбір көрермендер оларды қызықсыз деп санайды.