Демалыс күндеріне арналған фильмдер топтамасын ұсынамыз. Осы жолғы фильмдер триллер жанрында.
Джокер
Артур Флек психологиялық аурудан зардап шегеді. Ол сайқымазақ болып жұмыс істейді және стендапер болуды армандайды. Бірақ ол адамдармен еркін араласа алмайды, жолы да болмай қояды. Нәтижесінде кейіпкер мына әлеммен байланысын жоғалта бастайды. Өзін Джокер деп атап, бәрінен кек алуды бастайды.
Сплит
Бас кейіпкердің бір денесінде 20-дан астам адам жаны тұрады. Олар алма кезек сыртқа шығып отырады. Әр кейіпкер шыққан сайын оның сөйлеу мәнері, болмысы өзгереді. Бір күні ол бірнеше қызды ұрлап кетеді. Оның ойынша тағы бір қорқынышты әрі күшті кейіпкер келе жатыр. Ал қыздар сол кейіпкердің азығы болмақ.
Паразиттер
Паразиты
Фильм Ким әулеті жайлы. Олар өте кедей тұрады. Жертөледе тұратын олар, қолға тиген әр жұмыс істей береді. Үйдің үлкен ұлы бай отбасыға ағылшын тілі мұғалімі боп жұмысқа орналасады. Бұл жұмыс үйдегілердің бәрі үшін үлкен мүмкіндік екенін түсінген ол, туыстарын жұмысқа орналастыра бастайды.
Уақыт
Время
Жердегі валюта енді ақша емес, уақыт. Жиырма бес жастан кейін адамдар қартаймайды. Бірақ өмір сүрген әр жылының құны болады. Ол қоғамдағы теңсіздік туындауына себеп болады. Өйткені, байлар мәңгі өмір сүрсе, кедейлер өмір сүру үшін күресуге мәжбүр болады.
Үздік ұсыныс
Лучшее предложение
Бәссауда үйінің директоры Верджил Олдманнің үлкен үйінде жасырын бөлме бар. Ол жерде ұлы суретшілердің туындысы сақтаулы. Әр түрлі заманға жататын әйел портреттері ер азаматтың жалғыз жұбанышы. Бір күні бір әйел хабарласып Олдманнан отбасылық антиквар заттарды сатуды сұрайды.
Улы раушан
Ядовитая роза
Карсон — америкалық футбол жұлдызы. Бірақ спорттан кеткенінен біраз уақыт өтті. Сонда да халық арасында танымал. Қазір ол карта ойнаумен ғана уақыт өткізеді. Қарызға батқан ол несие берушілерден қашып жүрген ол әрдайым тұрғылықты жерін ауыстыруға мәжбүр. Сонымен қатар ол детектив болып қызмет етеді. Бір күні оған жоғалып кеткен қызды табуға тапсырыс түседі.
Окулус
2002 жыл. Алан Рассел отбасымен жаңа үйге көшеді. Енді көшіп келген ол бірден ескі әрі әдемі айнаны сатып алады. Оны үйге орнатқан сәттен бастап ақылға қонымсыз заттар орын алады. Алан мен әйелі екеуі галлюцинация көріне бастайды. Бұл тату отбасының шырқын бұзады.
Біз
Мы
Бала кезінде Аделаида ойын-сауық саябағында серуендеп жүргенде адасып кетеді. Ол әйнек толы бөлмеге кіріп өзінен аумайтын қызды кездестіреді. Бірнеше жылдан кейін Аделаида осы жерге қайта оралуға мәжбүр болады. Басынан күдігі болса да, туыстары үшін барады. Ол зұлымдықпен отбасы бетпе-бет келмейінше сенбейтінін біледі.
Демалма
Не дыши
Кедей отбасынан шыққан бойжеткен мен екі жігіт ешкімі жоқ, зағип қарттың үйін тонауға шешім қабылдайды. Бірақ үйге кірген кезде олар келгеніне өкініп қалады. Өйткені қарт олар ойлағандай қорғансыз емес еді. Ол өз мүлкін сақтау үшін бәріне дайын, сонымен қатар оның психикалық ауытқуы бар екені анықталды.
Бункер
Бас кейіпкер дирижер Адриан мен оның жас әйелі Фабиана екеуі жаңа үйге көшіп келеді. Әйелі үй иесінен жасырын бункер туралы біледі. Осылайша ол бункер ішіне тығылып, күйеуін сынамақ болады. Бірақ, кілті сыртында қалып кетіп, әйел қабырға артында қалып қояды. Ал күйеуі болса әйелінің жоғалып кеткеніне қиналмайды. Бірден басқа әйелді үйге ертіп келеді.