Демалыс күндері қандай фильм көруге болады?

Мassaget.kz тілшісі алдағы демалыс күндерін қызық өткізуге болатын фильмдер тізімін ұсынады. 

Фильмдер талғамыңызға қарай түрлі жанрда тізбектеледі.

"Киллердің ойыны" (The Killer's Game)

Жанры: Боевик, комедия.

Сюжет: Басты кейіпкер Джо (Дэйв Батиста) ауыр диагноздан кейін өзін өлтіруге тапсырыс береді. Алайда диагноздың дұрыс емес екенін түсінген соң, ол енді өзі тапсырыс берген киллерден қашып құтылуы керек.

Қызық тұсы: Фильм экшн мен комедияны біріктіре отырып, өмір үшін күрес тақырыбын ашады.

 "Тойымсыз адамдар" (Greedy People) 

Жанры: Қара комедия, криминал.
Сюжет: Жас полицей Уилл кездейсоқ адамды өлтіріп, оның үйінен ақша тауып алады. Уилл және оның тәжірибелі әріптесі (Джозеф Гордон-Левитт) қылмысты жабуға тырысады. Алайда олардың қадамдары жағдайды тек шиеленістіреді 

Қызық тұсы: Фильм қоғамдағы моральдық дилеммалар мен парақорлықтың салдарын әзіл арқылы көрсетеді.

"Хеллбой: Горбунның қарғысы" 

Жанры: Хоррор, фэнтези.
Сюжет: Хеллбой, жартылай сайтан, мыстанмен және қарғыс шалған Горбунмен күресу үшін Аппалачтағы ауылға барады. Бұл оның бұрынғы өмірімен байланысты қиындықтарын шешуге бағытталған.

Қызық тұсы: Фильм сериясындағы жаңа бұрылыстар мен героикалық шытырман оқиғаларға толы.

 "Субстанция" (The Substance) 

Жанры: Боди-хоррор, драма.
Сюжет: Тележүргізуші жасартатын инъекциялардан кейін өзін жаңа, жасарған сұлу келбетін табады. Бірақ бұл жаңа кейіпкер өзінің бұрынғы өзіндік болмысынан бөлек екені анықталады. Фильм әйел сұлулығының культін және жасқа байланысты алалаушылықты сынға алады

Қызық тұсы: Фильм дене және сұлулық стандарттары туралы өткір әлеуметтік месседждермен ерекшеленеді.

"Граф Монте-Кристо" (Le Comte De Monte-Cristo)

Жанры: Шытырман оқиға, драма.

Сюжет: Басты кейіпкер әділетсіз түрде қамауға алынғаннан кейін, түрмеден қашып шығып, өзіне қастық жасағандардан кек алуды көздейді. Классикалық шығарманың жаңа интерпретациясы бейнеленеді.

Қызық тұсы: Танымал сюжетке жаңаша көзқарас, оқиғаға жаңа қырлар қосады.