Демалыс күні көруге болатын мотивациялық 5 фильм

Демалыс күні көруге болатын мотивациялық 5 фильм
Фото: ivi.ru

Фильмдер кейде адамға ең күшті мотивация береді. Әсіресе, фильм шынайы оқиға негізінде болса, тіпті таңғаласыз. Бүгін демалыс күндері көруге болатын 5 мотивациялық фильмдерді ұсынамыз.

Крид: Наследие Рокки
Крид: Рокки мұрасы (2015)

Боксты, Сильвестр Сталлон және Майкл Б. Джорданды жақсы көретін көрермендер үшін нағыз сый. Рингтегі Роккидің күшті қарсыластарының бірі Аполлоның ұлы да бокспен айналысады. Жас жігіт өзіне жаттықтырушы іздеп жүріп, Роккиден көмек сұрайды. Рокки болса, біраз уақытқа дейін бокске қайта оралмайтынын айтып, ұсыныстан бас тартады.

Парень-каратист
Каратеші жігіт (1984)

Лос-Анджелеске енді көшіп келген Дэниел бұзақы балалардың нысанына айналады. Өздерін “Кобра” деп атайтын банда мүшелері оны соққыға жығады.Өз есесін жібермей, кек алу үшін Дэниел шығыс жекпе-жек шебері Мийагиден өзіне карате үйретуді сұрайды.

Тренер Картер
Жаттықтырушы Картер (2005)

Фильм баскетбол жаттықтырушысы Кен Картердің шынайы өміріне негізделген. Ол Ричмонд орта мектебінің командасын биік шыңға шығарды. Картер өз командасының көзқарасы мен тәртібіне баса назар аударады, бұл оның ойыншыларын алаңда да, одан тыс жерлерде де жақсы жұмыс істеуге мәжбүр етеді. 

Эдди "Орел"
Эдди "Қыран" (2016)

Трамплин секірушісі және олипиада ойындарына қатысушы Майкл Эдвардс туралы спорт жанрындағы комедия. Эдди өзінің жанына жақын спорт түрін тапқанша, бірнеше түрімен айналысады. Тек шыңғымен трамплиннен секірген кезде ғана, өзіне не ұнайтынын түсінеді. Содан бастап үздіксіз дайындық жұмысын жүргізеді. 


Тренер
Жаттықтырушы (2015)

Фильмде Джим Уайттың басынан кешкен шынайы оқиғаларды баяндайды. Ол Макфарланд орта мектебінің жеңіл атлеттер командасын дайындап шығады.

Т. Есқали