Чебурашка мен Гена аукционға түседі

ТМД елдеріне танымал мультфильмді түсіруде пайдаланылған Чебурашка, Гена крокодилы мен Шапокляк Мәскеуде аукционға түседі. Бұл туралы "Совком" бәссауда үйінің басшысы Юрий Тюхтин айтты.

Чебурашка, Гена крокодилы және Шапоклякпен бірге сатылымға Лариска крысасы да түседі. Қуыршақтардың жалпы құны 1,5-2 миллион рубльге бағаланып отыр. Шара "XX ғасырдағы орыс және кеңестік өнер" аукционының аясында 11 желтоқсанда өткізіледі.

"Чебурашка" мультфильмінен эпизод

Қуыршақтардың көздерінде кішкене тесік бар. Бұл жерге аниматор жіңішке сым байлап персонаждың көздерін қозғалтып отырған. Ал Чебурашка мен Шапокляк әжейді сөйлету үшін түрлі-түсті картоннан ауыз жасалып, қуыршақтарға жабыстырылған. Ал оларлың түсіру жұмыстары кезінде құлап кете бермеуі үшін аяқтарын еденге шегемен қағып қоятын болған. Қуыршақтарға, сонымен қатар, арнайы киім де тігілген.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/gVEHBYHj8Sk","width":"450","height":"234"});

"Чебурашка" мультфильмі. Союзмультфильм

Айта кетелік, түсрілім жұмыстары кезінде қуыршақтар мың түрлі қозғалыстар жасап "еңбек етті". Осының себебінен көптеген персонаждар сынып, пайдаға жарамай қалған. 1970 жылдан бері "тірлік етіп, өлмей келе жатқан" қуыршақтар осылайша ел назарына ұсынылып отыр.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: ©"Совком" аукцион үйі, myltfilmu.ucoz.ru