- Негізгі бет
- Кино
- Бұл әйел кімге...
Бұл әйел кімге көмектескенін білген жоқ
Карин Гомбо атты Франция тұрғыны Нью-Йоркке қыдыруға келген. Жолда ол Ричард Гир атты актерді кездестіріп, оны үй-күйі жоқ адам деп ойлап, қолындағы пиццасын ұсынды.
Карин күйеуі және 15 жасар баласымен серуенеп жүріп, қоқысты ақтарып жатқан үйі жоқ адам деп ойлағанын айтты. Ол мейрамханадан алып келе жатқан пиццасын ұсынды. Ричард пакетте не жатқанын сұрағанда, ол пицца екенін айтып, суып қалғаны үшін кешірім сұрады. Гир оған «рақмет, Алла сақтасын сізді» деп жауап беріпті.
Карин екі күннен кейін өзін жергілікті газет бетінен көреді. Сонда ғана ол әлгі адамның үй-күйсіз бейшара емес, әйгілі актер екенін түсінді.
Нәтижесінде, Кариннің байқамай «Баяғы шақтардан» фильмінің түсірілім алаңына кіріп кеткені анықталды. Ал Ричард Гир бұл туындының басты рөлін ойнайды. Ричард пен түсірілім командасы үшін бұл жағдай адамгершілік пен адами қасиеттің тазалығы ретінде есте сақталып қалары сөзсіз.
Ф. Абилова