Сергей Дворцевойдың Айкафильмі қазақстандық көрерменге биылғы күздеAlmaty Film Festivalкинофестивалінің аясында ұсынылады.Канн кинофестиваліндеҮздік актриса аталымын жеңіп алғанСамал Еслямованыңқатысуындағы таспа 15 қыркүйек күні көрсетіледі. Картинаның продюсеріГүлнар Сәрсенованыңайтуынша, Қазақстанда фильмнің соңғы нұсқасы көрсетіледі екен. Ол сондай-ақ, көрсетілімге келетін көрермендерге мұның Мәскеудегі қырғыз мигранттарының мәселелерін қозғайтын кино екенін ескерте кетті. Толықметражды таспаның жұмысы алты жылға созылған. Айканың бюджеті 2,5 миллион еуроны құрады. 2018 жылдың мамырында фильм Каннда көрсетілді. Картина сюжеті Ресейдің астанасына заңсыз өтіп кеткен Қырғызстаннан шыққан бойжеткеннің айналасында өрбиді. Айка есімді кейіпкер сәбиін перзентханаға тастап кетеді. Алайда, уақыт өте келе бойжеткен сәбиінсіз өмір сүре алмайтынын түсініп, тастап кеткен баласын іздеуге кіріседі. Еске сала кетсек,Almaty Film Festival-деӘділхан ЕржановтыңӘлемнің мейірімді бейжайлығы фильмінің тұсауы кесіледі. www.brod.kz