"Бүкіл әлем біздің аяғымыздың астында" кинофильмі әлемдік прокатқа шығады

"Бүкіл әлем біздің аяғымыздың астында" ("Весь мир у наших ног") кинофильмін Khazar Pictures кинокомпаниясы жарыққа шығарады. 

Фильм гангстерлік мелодрама жанрында түсірілген Қазақстан мен АҚШ-тың ортақ туындысы. 

«Әрине, кинофильм арқылы көп қаржы табу үшін дистрибьюторлар оны прокатқа шығарудың қолайлы уақытын таңдайтын болады. Олар мұны өздері шешетін болғандықтан, дәл уақытын айта алмаймын. Бірақ біз премьераны күз айына жоспарлап жүргенбіз. Ал егер үлгермей жатсақ, кинофильмнің тұсаукесерін 2013 жылдың қыс мезгіліне қалдыруымыз да мүмкін", - дейді продюсер Дәурен Мұса. 

Түсірілім жұмысына Саламат Мұхаммед Әли 2011 жылдың жазынан бастап кіріскен болатын. Алматыда өткен кинофильмнің таныстырылуында авторлар "Бүкіл әлем біздің аяғымыздың астында" кинофильмі әлемдік кинопрокатқа шығатын жалғыз қазақстандық өнім екендігін айтып өткен болатын. "Біз бұл туындымызды бірінші АҚШ-та, содан кейін Қазақстанда шығармақпыз", - деді продюсер.

Түсірілім Алматы мен Ақтауда, Мәскеу түбінде және АҚШ-тың Голливуд павильонында өткен. Картина орыс және ағылшын тілдерінде жарық көреді. 

Киноны өмірге әкелуде мықты түсірілім тобы жұмыс жасап жатыр: Қоюшы режисер - Саламат Мұхаммед Әли, қоюшы опреатор - Павел Казаков, киім үлгілерінің суретшісі - Айгерім Бекмұхамбетова, екінші режисер - Абуева Гүлбаршын, продюсерлік топ мүшелері - Дәурен Мұса, Арманд Ассанте, Мұрат Бисенбин.


Фильмде белігі гангстердің жиеніне ғашық болған Әлия (Қарлығаш Мұхамеджанова) есімді қыздың тарихы баяндалады. Картинада атақты киножұлдыздар бой көрсетеді. Солардың бірі Арманд Ассанте. Ол рөл ойнаумен қатар, кинода тең дәрежеде продюсерлік етеді. Басқа рөлдерде Cary-Hiroyuki Tagawa (Кери-Хироюка Тагава), Bolo Yeng (Боло Йенг), Алексей Франдетти, Нұрлан Алтаев; Михаил Михайлович Токарев, Анатолий Николаевич Креженчуков, Геннадий Николаевич Балаев сынды актерлер ойнайтын болады. 

Әлия рөліндегі Қарлығаш Мұхамеджанова


Арманд Ассанте


Кери-Хироюка Тагава

Алексей Франдетти


Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: Facebook.com