Бүгіннен бастап 14 сәуір аралығында Алматыда көрерменге француз кинематографының ең жаңа жауһарларын ұсынатын, жаңа хикаялар мен француз актерлерінің тамаша ойынын тамашалауға шақыратын мерейтойлық оныншы "Бүгінгі француз киносы" кинофестивалі өтеді. Биылғы бағдарламаға кірген фильмдер әртүрлі жанрларды: комедияны, мелодраманы, тарихи киноны және "Қысқа метр"бағдарламасын қамтиды.
Бүгін кинофестивальдің ашылуы болады. Фестивальдің ашылуы, сонымен қатар негізгі көрсетілімдер UniFrance агенттігі мен оның серіктестері – Францияның Қазақстандағы елшілігі және Алматыдағы Француз альянсы ұйымдастырған фестивальдің басты алаңына айналған "Арман" киноорталығында өтеді.
"Құрметті достар, бұл өмірде көп нәрсе өзгеріп отырады, алайда біздің фестиваліміз осымен 10-ыншы рет мызғымастан сол баяғыша сәуір айында басталмақшы. Биыл оны өткізу үшін біз көп тер төктік, сол себепті де сіздермен кездесуді асыға күтеміз. Ал біз сіздерге қызық болатындай етіп барлығын жасаған сияқтымыз. Біз әдеттегідей прокатқа енді шыққан ең жаңа туындыларды көрсетуге тырысамыз, ауқымды қысқа метр бағдарламасы болады, ал жаңа дүниелерден – Unifrance компаниясының вице-директоры Жоэль Шапронның Франциядағы кеңестік киноның тарихы туралы қызықты дәрісін ұсынбақшымыз. Маған оны Сочиде, кинонарықтардың бірінде тыңдау бақыты бұйырды. Ол өте қызықты, танымдық, креативті дәріс болды, Франциядағы өзімізге сондай таныс әрі маңызды кино туралы аса қызықты әрі бұған дейін белгісіз болып келген ақпарат ұсынылады! Сіздерді күтеміз!", - дейді "Арман" киноорталығының директоры Бауыржан Шүкенов.