- Негізгі бет
- Кино
- "Бүгінгі француз киносы":...
"Бүгінгі француз киносы": Фестивальде көрсетілетін толықметражды фильмдер
11 және 14 сәуір аралығында Алматыда өтіп жатқан "Бүгінгі француз киносы" кинофестивалінде көрерменге француз кинематографының ең жаңа жауһарлары ұсынылып, жаңа хикаялар мен француз актерлерінің тамаша ойынын тамашалау мүмкіндігі туады. Биылғы бағдарламаға кірген фильмдер әртүрлі жанрларды: комедияны, мелодраманы, тарихи киноны және "Қысқа метр" бағдарламасын қамтиды. Бұл мақалада сіздерге толықметражды фильмдер тізімін ұсынып отырмыз.
Сирано. Тұсаукесерге дейін үлгеру (Edmond)
Биографялық-тарихи (110 мин.)
Режиссер: Алекси Мишалик
Рөлдерде: Тома Соливерес, Оливье Гурме, Матильда Сенье, Том Лееб, Люси Бужена, Алис де Ленксен
Париж, 1897 жылдың желтоқсаны. Соңғы екі жылда Эдмон Ростан ештеңе жазбады. Шарасы қалмаған ол бастығы Констан Кокленге жаңа пьеса – өлеңмен жазылатын ерлік туралы комедияны ұсынады. Тек бір гәп бар: ол әлі жазылмаған. Қолында бары тек атауы – "Сирано де Бержерак". Эдмон ешкім сенбейтін пьесаны жазуға кіріседі.
Аманданың жаңа өмірі (Аmanda)
Мелодрама (107 мин.)
Режиссер: Микаэль Эрс
Рөлдерде: Венсан Лакост, Изор Мюлтье, Стэйси Мартин, Офелия Кольб, Мариан Балер
Қазіргі Париж. 24 жастағы Давид бүгінгі күнмен өмір сүреді. Ұсақ-түйек табыстарға тоқмейілсіген ол өзінің өмірлік жолын таңдауға асығар емес.
Алайда күтпеген жерден әпкесі қайтыс болып, әдеттегі өмірінің шырқы бұзылады. Қолында жеті жасар немере қарындасы – Аманда қалады.
Нәзік заң өкілі (En liberte!)
Комедия (107 мин.)
Режиссер: Пьер Сальвадори
Рөлдерде: Адель Энель, Пио Мармай, Венсан Эльбаз, Дамьен Боннар, Одри Тоту
Жас полиция қызметкері Ивонна оның қайтыс болған күйеуі, капитан Санти, қылмыскермен күресте қаза тапқан жергілікті қаһарман, шын мәнінде адал және батыл полиция қызметкері емес, шынайы алаяқ болғанын күтпеген жерден біледі. Ол әділдік орнатпақ болып, Санти кезінде өз қылмысын мойнына іліп, сегіз жылға түрмеге қамаған Антуанмен жолығады. Бұл кездесу екі кейіпкердің де өмірін түбегейлі өзгертеді.
Таңсәрідегі уәде (La Promesse de l’aube)
Драма (131 мин.)
Режиссер: Эрик Барбье
Рөлдерде: Шарлотта Генсбур, Пьер Нине, Дидье Бурдон, Жан-Пьер Даруссен
Польшадағы қиындыққа толы балалық шақтан, Ниццедегі жастық шақтан Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Африка көгінде ұшқан өмірге дейінгі кезең… Роман Гари таңғажайып өмір сүрді. Алайда мыңдаған өмірлерді сүріп, атақты жазушы болуға деген құлшынысы үшін ол анасы – Нинеге қарыздар. Анасының шексіз махаббаты оны ХХ ғасырдың атақты жазушыларының бірі етеді. Алайда сол аналық махаббат өмірінің ауыртпалығына да айналды…
Адал жан (L’Homme fidele)
Мелодрама (75 мин.)
Режиссер: Луи Гаррель
Рөлдерде: Луи Гаррель, Летиция Каста, Лили-Роз Депп, Жозеф Анжель
Абель мен Марианна он жыл бұрын айырылысты. Бірде Марианнаны кезіктірген Абель оның жүрегін қайта жауламаққа бел буады. Алайда енді бәрі басқаша: Марианнаның Жозеф есімді ұлы өсіп келеді, және оның тәтесі, сұлу Ева бойжетіпті. Енді әркімнің өз құпиясы бар…
Казанованың соңғы махаббаты (Dernier amour)
Мелодрама (98 мин.)
Режиссер: Бенуа Жако
Рөлдерде: Венсан Лендон, Стейси Мартин, Валерия Голино, Жюлия Руа, Нэнси Тейт
XVIII ғасыр. Ойындар мен ләззат алуға құмар Казанова өз еркінен тыс Лондонға қоныс аударады. Мүлдем бейтаныс қалада ол бірнеше рет Ля Шарпийон есімді жас куртизанканы кезіктіреді: оның тартымдылығы соншалықты, Казанова басқа әйелдерге қарай алмай қалады. Казанова оны өзіндік ету үшін бәріне дайын, алайда Ля Шарпийон үнемі уысынан шығып кетіп отырады. Демек оған жету үшін жай құмарлықтың болуы аз, от шарпыған махаббат керек.
А. Оралқызы