Бүгін "Кинококтейль.kz" прокатқа шығады

Бүгін "Кинококтейль.kz" прокатқа шығады

Киноны құрастырушылар комедиялық лентаға қазақстандық және голливудтық картиналардан сюжеттер алған. 

Жаңа кинофильмнің басты мақсаты екі елдің кино өндірісін салыстыру емес, сүйікті кинокейіпкерлерді бір картинада ойнату. Пародиялық фильмнің продюсері Ерлан Бұқарбаевтың сөзінше, «Кинококтейль.kz» бүгін шығады деп жоспарланып отыр. Мұндай фильм жасау идеясы ойда-жоқта пайда болған көрінеді. 

Қазақстандық пародияда Акбар Расулов және Данияр Ағзамов сынды жас актерлер басты рөлді сомдады. Продюсердің сөзінше, олар әдейі әлі қазақ киносында таныла қоймаған әртістерді бекіткен. 5 айда түсірілген фильмнің режисерлері Елкын Туйчиев пен Акбар Расулов.

Кинопародияда "Ғашық жүрек", "Шал", "Ликвидатор", "Сказ о розовом зайце" сынды қазақстандық кинофильмдерге және «Матрица», «Пираты Карибского моря» сынды голливудтық кинофильмдерге пародия жасалған. Сюжет бойынша, үш басты кейіпкер бар: Баур - тарихи кино түсіріп атын шығарғысы келетін балалар үйінен шыққан жергілікті тұрғын; Асоль - атақты актриса болуды армандап жүрген Баурдың сүйіктісі; Фильм кезінде Джек Воробейді тым құбылтып жіберген Баян продюсер. 

 

Олар фильм түсіруді бастамай тұрып, талай жайтқа душар болады. Оқиғалар бір-бірімен өрбіп жатып, талай қызықты жағдайлар орнайды. 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: titus.kz

А. Әбілхан