Бүгін Ақан Сатаевтың "Тағдыр" атты телехикаясы экранға шығады

Белгілі қазақстандық режисер, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері  Ақан Сатаев қазақ тілінде телехикая түсіріп үлгерді. "Тағдыр" атты телехикаяның алғашқы сериясы бүгін, яғни бейсенбі "Астана" телеарнасынан көрсетіледі. 


Телехикаяның желісі бойынша, 1992 жылы ауданның құрметті азаматтарының бірі саналатын кісінің жұбайы босану үстінде көз жұмады. Өмір есігін ашқан сәбиді анасын босандырған дәрігердің әйелі асырап алады. 

Телекөрермендер өз кезегінде шытырманға толы оқиғалар мен сезімге толы сәттерге куә болмақ. Сериалда басты кейіпкердің жиырма жылдық ғұмыры баяндалады. Сериал қаһармандарымен бірге экрандағы өмірдің ыстығына күйіп, суығана төзетін көрермен үшін бұл жақсы жаңалық екені жасырын емес. Олар алдыңғы күндері Қалиханның мейірімділігі мен сатқын Жаназардың сұмдығын сөз етіп, Жұлдыздың сұлулығы мен Айдананың адалдығына тәнті болады. 


Қартина 20 сериялы. Телехикаяның түсірілімімен бүгінгі таңда атын жұрт жатқа білетін қазақстандық SATAIFILM киностудиясы айналысқан.

Телехикаядағы басты рөлдерді Шәмшагүл Меңдиярова, Алдабек Шалбаев, Дулыға Ақмолда, Раушан Байзақова, Зарина Карменова, Жанел Мақажанова, Асхат Тішібаев, Еркебұлан Дайыров сынды актерлер сомдайды. 

Алдабек Шалбаев

 Дулыға Ақмолда


Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: tengrinews.kz