Брюс Лидің тұщымды пікірлері

Брюс Ли – шығыс жекпе-жек өнерінің шебері, қытай және америкалық киноактер, кинорежиссер, продюсер және сценарист. Оны киноға жаңа бағыт алып келген аңыз адам десек қателеспейміз. Бүгін назарларыңызға оның тұщымды пікірлерін ұсынамыз.

***

Мен бірден 10 000 соққы жасаған адамнан емес, бір соққыны 10 000 рет қайталаған адамнан қорқамын.

***

Ашушаңдық – сізді ақымақ етіп көрсететін басты мінез.  

***

Ақымақ мәнді жауаптан дым ұқпайтыны сияқты, ақылды адам орынсыз сұрақтан көп нәрсе үйренеді. 

***

Әрқашан өз-өзіңмен бол, өзіңе сенім арт. Өзгеге еліктеймін деп өзіңді жоғалтып алма.

***

Сен — ол сенің ойың. 

***

Бала кезден рухани өсуді бірінші орынға қойдым. Мен үшін адам өмірінің бар мәні – өз қабілетін адал және таза жолмен жетілдіруі.  

***

Мен сіздер күткен үмітті ақтау үшін өмір сүріп жатқан жоқпын. Сәйкесінше сіздер де менің үмітімнен алшақсыздар. 

***

Өмірді сүйсеңіз, уақытты текке құртпаңыз. Өйткені өмір уақыттан тұрады.

***

Егер бір нәрсені ойлауға ұзақ уақытыңызды жұмсасаңыз, демек ол нәрсе ешқашан жасалмайды. 

***

Білім сізге күш берсе, мінез сыйластық береді. 

***

Мойындауға батылың жетке, қателік әрқашан ұмытылады.  

***

Қағидаға бағын, бірақ оған өзіңді таптауға жол берме.

***

Нағыз өмір — өзгелер үшін өмір сүру.

***

Бір нәрсеге ие болу алдымен ойдан басталады.

***

Жағдайға түкіргенім бар, мен өзім мүмкіндіктерді жасаймын. 

***

Өзгені тану — оның өзгелермен қарым-қатынасын тану.