- Негізгі бет
- Кино
- Британиялық кино институты...
Британиялық кино институты жылдың үздік 20 фильмін атады
Британиялық кино институтының Sight & Sound журналы 2018 жылдың үздік фильмдерін атады.
Тізімде жалпы саны 20 картина жазылған, олардың ішінде Канн және Венеция кинофестивальдерінде озып шыққан туындылар мен Санденс пен Готэм жүлдегерлері де бар. Нақтырақ айтсақ, рейтингке Йоргос Лантимостың "Фавориткасы", Павел Павликовскийдің "Қырғи-қабақ соғысы" секілді фильмдер енген.
Тізімді Альфонсо Куаронның "Ромасы" бастады. Естеріңізге сала кетейік, аталған туынды биыл Венеция фестивалінің бас жүлдесін иеленген еді, сондай-ақ, "Оскар" марапатына "Үздік шетелдік фильм" аталымы бойынша қатысып отыр.
Сонымен, Британиялық кино институтының толық рейтингі төмендегідей:
1. "Рома" (Roma), режиссер Альфонсо Куарон
2. "Мөлдір жіп" (Phantom Thread), режиссер Пол Томас Андерсон
3. "Алаулаған" (Burning), режиссер Ли Чхан-дон
4. "Қырғи-қабақ соғыс" (Zimna wojna), режиссер Павел Павликовский
5. "Тұңғыш бекітілген" (First Reformed), режиссер Пол Шредер
6. "Ізіңді қалдырма" (Leave No Trace), режиссер Дебра Граник
7-8. "Фаворитка" (The Favourite), режиссер Йоргос Лантимос
7-8. "Сен ешқашан мұнда болған емессің" (You Were Never Really Here), режиссер Линн Рэмси
9-10. "Бақытты Лазарь" (Lazzaro felice), режиссер Аличе Рорвахер
9-10. "Зама" (Zama), режиссер Лукресия Мартель
11. "Бейне мен сөз" (Le livre d'image), режиссер Жан-Люк Годар
12. " Бийл-стрит сөйлей алса ғой" (If Beale Street Could Talk), режиссер Барри Дженкинс
13. " BlacKkKlansman", режиссер Спайк Ли
14-16. "Желдің екінші жағы" (The Other Side of the Wind), режиссер Орсон Уэллс
14-16. "Жалтарушылар" (Shirkers), режиссер Сэнди Тан
14-16. "Дүкен ұрылары" (Manbiki kazoku), режиссер Хирокадзу Корээда
17. "Мазаңызды алғаныма кешірім сұраймын" (Sorry to Bother You), режиссер Бутс Райли
18-20. "Бейнелер, ауылдар" (Visages, villages), режиссер Аньес Варда
18-20. "Атбегі" (The Rider), режиссер Хлоя Чжао
18-20. "Вестерн" (Western), режиссер Валеска Гризебах
А. Оралқызы