Айдар мен Гауһар отбасын құрды. Басында қарсылық танытқан Гауһардың бауырлары енді Айдарды отбасы мүшесі ретінде қабылдаған. Осындай сәтте бақытты отбасының шырқын бұзатын тағы бір мәселе туындай қалады... Гауһардың: "Неге осы бәленің бәрі бізде ғана болады?", – деп жылайтын сәті де бар. Бұл оқиға бұрынғыдан өзгерек.
2017 жылы жарыққа шығып, Қазақстандағы ең өтімді комедия жанрындағы фильмдердің біріне айналған "Аға әлде неке" (Брат или брак) фильмінің екінші бөлімі 31 қаңтардан бастап кинотеатрларға жол тартпақ. Бұл жолы да сіздерді үлкен тосын сый күтеді. Дегенмен, фильмге бармастан бұрын, дайын фильмді үлкен экраннан бізбен бірге тамашалаған басты рөлді сомдаған актерлер, көрермендер мен тұсаукесер рәсімінің қонақтарын біліп алуды ұсынамыз: