Бір-бір құдай санайды бір өздерін: Болған оқиға негізінде түсірілген фильм

Жуырда режиссер Джон Эвнеттің ("Өлтіру құқығы", "88 минут")"Үш Христос" атты фильмінің трейлері шықты. Онда басты рөлді көптен үлкен экрандардан көрінбей кеткен атақты актер Ричард Гир сомдайды. Драма сюжеті болған оқиғаға негізделген.

Ричард Гирдің кейіпкері – Алан Стоун есімді психиатр дәрігер. Ол шизофренияға шалдыққан науқастарды 1950 жылдардан бері зерттейді. Маман фильмде 3 науқасқа тәжірибе жасап көрмек болады. Олардың үшеуі де өздерін Иисус Христос деп есептейді. Стоун тәжірибесіне қатысатын үшеуді Питер Динклейдж, Уолтон Гоггинс пен Брэдли Уитфорд ойнайды.

Фильм премьерасы 2020 жылдың қаңтар айына жоспарланған.