Бойжеткенмелодрамасы жақында Германия көрермендеріне көрсетіледі.Картина балалар мен жасөспірімдерге арналған ХалықаралықSchlingelкинофестиваліне іріктелді. ФильмJunior Film Competitionаталатын 14 жасқа дейінгі балалар фильмдері байқауына Қазақстан атынан қатысады. Бойжеткен кинотаспасын режиссерАбдель Фифтибаевтүсіріп, 2018 жылдың көктемінде экранға шығарған болатын. Сюжетте Дэн (Ерболат Ержанов) мен Әнелдің (Әлия Наурызбаева) оқиғасы баяндалады. Олар әсем қала Алматы көшелерінің бірінде танысады. Жігіт пен қыз бір-бірін ұнатып қалады, уақыт өте келе бұл үлкен сезімге ұласады. ХалықаралықSchlingelкинофестивалі 1996 жылдан бері өткізіліп келеді. Биылғы жылы ол 23-ші рет өткізілмек. Фестиваль балалар мен жастар жұмыстарына бағытталған ең беделді неміс кинокөрсетілімдерінің бірі болып саналады. Бойжеткен картинасын кинонарық пен кинофестивальдерге шығаруменAntipode Salesand DistributionМәскеулік компаниясы айналысуда. Еске сала кетейік, сондай-ақ отандық мелодрамаТатарстанда XIV Қазан кинофестивалінде көрсетіледі. www.brod.kz