- Негізгі бет
- Кино
- "Бойжеткен" фильмі Германиядағы...
"Бойжеткен" фильмі Германиядағы Schlingel кинофестиваліне іріктелді
"Бойжеткен" мелодрамасы жақында Германия көрермендеріне көрсетіледі.Картина балалар мен жасөспірімдерге арналған Халықаралық Schlingel кинофестиваліне іріктелді. Фильм Junior Film Competition аталатын 14 жасқа дейінгі балалар фильмдері байқауына Қазақстан атынан қатысады.
"Бойжеткен" кинотаспасын режиссер Абдель Фифтибаев түсіріп, 2018 жылдың көктемінде экранға шығарған болатын. Сюжетте Дэн (Ерболат Ержанов) мен Әнелдің (Әлия Наурызбаева) оқиғасы баяндалады. Олар әсем қала Алматы көшелерінің бірінде танысады. Жігіт пен қыз бір-бірін ұнатып қалады, уақыт өте келе бұл үлкен сезімге ұласады.
Халықаралық Schlingel кинофестивалі 1996 жылдан бері өткізіліп келеді. Биылғы жылы ол 23-ші рет өткізілмек. Фестиваль балалар мен жастар жұмыстарына бағытталған ең беделді неміс кинокөрсетілімдерінің бірі болып саналады. "Бойжеткен" картинасын кинонарық пен кинофестивальдерге шығарумен Antipode Salesand Distribution Мәскеулік компаниясы айналысуда.
Еске сала кетейік, сондай-ақ отандық мелодрама Татарстанда XIV Қазан кинофестивалінде көрсетіледі.
А. Оралқызы