Кейде шабыт іздеп, өмірге мотивация беретін себептер іздеп кететініміз жасырын емес. Бірақ өмірдің өзі нағыз мотивация. Бұған мына өмірден алынған оқиғалар негізінде түсірілген фильмдер дәлел.
13 адам өмірі
13 жизней
Рон Ховардтың драмалық фильмі Тайландтағы құтқару операциясы бойынша түсірілген. Жастар футбол командасының мүшелері Таиландағы апатттан кейін үңгірде қалып қояды. Оларды құтқару үшін әлемнің түкпір-түкпірінен білікті дайверлер жиналады.
Сырамен бірге
За пивом!
Бас кейіпкерді Зак Эфрон ойнайды. Фильм Джон есімді америкалықтың басынан кешкендерін баяндайды. Ол 1967 жылы сыра толы сөмкемен Вьетнамдағы майдан алаңына аттанады. Оның ойы өз жерлестерінің рухын көтеру болады.
Мейірімді мейіргер Добрый медбрат
Фильм америкалық сериялы кісі өлтірушінің оқиғасын баяндайды. Ол құжат бойынша расталған 29 адамның өліміне жауапты, дегенмен әлі анықталмаған 400 өлімге қатысы болуы мүмкін. Бас кейіпкер Эми ауруханада медбике болып жұмыс істейді. Бір күні қасына жаңа мейіргер қосылады. Өзінің қамқорлығымен бірден сенімге кіріп алады. Бірақ ол жұмысқа келгелі себепсіз, кенеттен өлім көбейеді. Эми бұған әріптесінің қатысы барын түсінеді.
Өмірде болмаған тыңшы
Двойной агент
Фильм өзін жұртқа МИ-5 агентімін деп таныстырған тыңшы Роберт Фригардтың басынан кешкендерін баяндайды. Ол жас әйелдердің сеніміне кіріп, түрлі манипуляция жасайды. Олардан бизнесі үшін, болашағымыз үшін деп қаражат алады, кей қыздарды өліммен қорқытады. Осылайша кезекті құрбандарының бірі Джемма Артертон шындықты білмейінше оның жоспары мінсіз іске асады.
Шексіз дауыл
Бесконечная буря
Фильм білікті медбике және альпинст бойжеткен туралы. Ол Вашингтон шыңына көтерілу үшін таулы аймаққа келеді. Бірақ дауылдың жақындап келе жатқанын сезгендіктен, қайтуға шешім қабылдайды. Орта жолға келгенде қар астында қалған жігітті көреді. Оған көмектесу үшін бөгелуге тура келеді.
Бандит
Бандит
Фильм тарихтағы ең танымал бандиттердің бірі Гилберт Галван Кішінің өмірбаянына негізделген. Ол мичиган абақтысынан қашып, Канадада жасырынады. Ол жерде өзіне жаңа есім, жаңа құжат сатып алады. Бірақ бұрынғы ісін қайта жалғастырады. Қарақшы 59 банк, әшекей-бұйымдар дүкенін тонайды. Осылай криминалға толы әлемнің аңызына айналады.
Освобождение
Азаттық
Оқиға 1860-жылдары Луизианада болады. Қара нәсілді құл Питер бақылаушы аяусыз ұрғаннан кейін плантациядан қашып кетеді. Ол одаққа қосылып және құлдықты жою үшін күресу үшін елдің солтүстігіне жол тартады. Питердің денесіндегі зорлық-зомбылық белгілерін суретке түсіріп алады. Кейін ол сурет аболиционистік қозғалыстың символы және америкалық құл иелерінің қатыгездігінің дәлелі болды.