- Негізгі бет
- Кино
- Бинджвотчинг дегеніміз не?...
Бинджвотчинг дегеніміз не?
Ағылшын тіліндегі binge watching сөзі бірігіп, жаңа сөз пайда болды. Бинджвотчинг ағылшын тілінен аударған кезде фильм мен сериалды "көз алмастан қарау" деп аударылады.
Бұрын кітапты бас алмастан бір күнде оқып шығу сәнде болса, бүгінде бір сериалдың бірнеше бөлімін ұйқысыз қарайтын уақытқа жеттік. Интернет пайда болғанға дейін телеарналар бір күндік кино марафон ұйымдастыратын. Бинджвотчинг стрим қызметтерінің артуымен таныла бастады: мысалы, Netflix-те жобалардың барлық бөлімі бір күнде шығады. Сол себепті бір сериалды бір күнде қарауға мүмкіндік болады.
Бинджвотчингтің тиімді және тиімсіз жақтары:
Бинджвотчинг сериал драматургиясына қатты әсер ету үстінде. Сценарий жазушылар қайталанбайтын жаңа сюжеттік шиелініс ойлап табуға мәжбүр. Оның үстіне бұрынғыдай келесі аптаға дейін көрермен назарын ұстап қалатын клиффхэнгерлер ("қақпан") пайдаланбайтын болды.
Дегенмен бинджвотчинг тәсілімен контентті тұтыну апатия, күйзеліс пен жалғыздық сезімін күшейтеді.
Сондай-ақ, бинджвотчинг тәсілі үлкен табысқа кепілдік бермейді: Netflix есептеріне сәйкес, жобаның бейнесервистегі сәтті дебюті бір айдан кейін де көрермендер тұрақтылығын сақтай алмаған. Мысалы, бірінші айда Оңтүстік Кореялық «Кальмар ойыны» сериалын қолданушылардың 73 пайызы қараса, 30 күннен кейін небәрі 20 пайызы ғана қараған. Әр бөлімін аптасына бір рет HBO және Amediateka сервисінде шығатын "Эйфория" сериялы болса 2 миллионға жуық көрермен жинайды. Бүгінде күн сайын жаңа сериал, фильм жарыққа шығып жатқандықтан, бинджвотчинг феномені шоудың ұзақ мерзімді табысына кепілдік бермейтіні белгілі болған.
Т. Есқали