Атақты Биллды өлтіру фильмінің басты кейіпкерін сомдаған Ума Турман New York Times басылымына сенсациялық сұхбат берді. Аталған фильм түсірілімі кезінде актриса өміріне қауіп төнген. Фильмнің ең танымал сценасында Ума Турман кабриолетте отырып ұзақ монолог оқиды. Түсірілім тобының бір мүшесі актрисаға көлік тежегішінің дұрыс жұмыс істемейтінін ескерткен. Мұны білген Ума Турман кабриолетті каскадердің жүргізуін талап етеді. Бірақ, өз ісінің фанаты Квентин Таратино өтінішке құлақ аспағанымен қоймай, сағатына 40 миль (шамамен 65 км/сағ) жүріп отыруды талап еткен. Себебі, осы жылдамдықта басты кейіпкердің шашы желге ұшып, өте әдемі визуалды эффект береді екен. Нәтижесінде, тежегіш жасамай қалып, көлік пальма ағашына соқтығысады. Турман мойны мен тізесін жарақаттап, бұл өмір бойы оның денсаулығына зардабын тигізіп келген. Оның адвокаттары 15 жыл бойы Miramax компаниясынан сол таспаны беруді сұраған, оған биыл 3 ақпан күні ғана қол жеткізді. Ал, осыған дейін Ума Турман мен Квентин Тарантино дос деп келген әлем жұртшылығы олардың татуласқанына тек екі-ақ жыл болғанын енді біліп отыр.