- Негізгі бет
- Кино
- «Безумный Макс» ...
«Безумный Макс» фильмі «Оскар» сыйлығымен марапатталды
Фото:
www.youtube.com
"Безумный Макс: Дорога ярости" фильмі сценография, шаш үлгісі, монтаж бойынша 2015 жылдың ең үздік кинокартинасы ретінде танылып, "Оскар" сыйлығын алды.
"Безумный Макс" фильмі рәсімнің алғашқы минуттарынан-ақ өзінің алғашқы алтын мүсіндерін алды. Картинамен жұмыс жасағандар бірінен соң бірі сахнаға шықты. Фильм он номинацияға ұсынылған болатын. Оның ішінде ең үздік режиссура мен жылдың үздік фильмі бар.
Костюм аталымы бойынша ұлыбританиялық дизайнер Дженни Бивен иеленді. Сценография аталымы бойынша Колин Гибсон мен Лиза Томпсон лайықты деп танылды. "Безумный Макс" кейіпкерлеріне шаш үлгісін жасаған үш стилист те марапатталды.
Айта кетейік, "Оскар" сыйлығын табыстау сәті ABC телеарнасы көрсетуде.
С. Ерсін