Атақты Бэтменның табынушылары кинофильмнің жалғасы саналатын туындыда басты кейіпкердің рөліне Бен Аффлектің тағайындалғанына қарсы шығып отыр, деп хабарлайды The Hollywood Reporter.
Бен Аффлектің аты аңызға айналып үлгерген кинофильмнің басты рөлін еншілгендігі жайында сіздерді де хабардар етіп үлгерген болатынбыз. Актер осы рөлге бекітілісімен-ақ бірнеше сағат ішінде бэтменсүйер көрермен Facebook пен Twitter әлеуметтік желілерінде Аффлектің Бэтманға "ие" болғандығын айтып 100 мыңнан аса жазба қалдырған. Әйткенмен, осы жазбалардың 71 пайызында Беннің Бэтманды сомдауына қарсы екендігі айтылған. Шулаған көрерменнің қарсылықғы Warner Bros киностудиясына хат жолдаумен тынды. Көптеген табынушылардың қолы қойылған хатта Бэтменның рөлін сомдайтын актерді ауыстыру айтылған.
Тіпті кейбір белсенді бэтменсүйгіштер Америка Құрама Штаттарының президенті Барак Обамаға осы өтініш бойынша петиция жариялауға дейін барған. Аз ғана уақыт ішінде петицияға 7 мыңнан аса адам қол қойып үлгерді.
Аффлек басты рөлде алғаш рет бой көрсетейін деп жатқан жоқ. Ол 2003 жылы экранға жол тартқан Marvel кинофильмінде Сорвиголова атты кейіпкерді сомдаған болатын. Онымен қоса, Аффлек 2012 жылы жылдың үздік кинокартинасы аталған "Арго" Операциясы" ("Операция "Арго") кинофильмі үшін "Оскар" жүлдесімен қанжығасын майлаған.
Естеріңізге сала кетейік, "Человека из стали" кинофильмі 2013 жылдың маусымында ғана экранға жол тартқан еді. Кинокартина әлемдік прокатта 630 миллионға ие болды. Ал оның екінші фильмі 2015 жылдың шілде айына жоспарланып отыр.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Сурет: itc.ua