«Бэтмен Суперменге қарсы: «Әділдік таңсәрісінде» фильмінің кассалық жиынтығы бүкіл әлемдегі прокатының бес күні ішінде жалпы 424 миллион доллар қаржы жинады, − деп хабарлады Би-би-си.
Сыншылардың ащы пікірлеріне қарамастан, фильм АҚШ-та 170,1 млн. доллар, Британияда 15,5 млн. доллар жинады. Екеуі де ағымдағы наурыз айындағы рекордтық көрсеткіш болып есептеледі. Картина әлем бойынша 40 мың экранға, соның ішінде АҚШ-та 4,2 мың, Британияда 1,7 мың және Қытайда 16 мың кинотеатрда көрсетіліп жатыр.
Зак Снайдердің фильмі алғаш рет бір фильмде бастары қосылған екі суперкейіпкер комиксіне негізделген. Картинаны түсірген Warner Bros компаниясының өкілі Джефф Голдстейн киносыншылардың тас-талқан еткен мақалаларына қарамастан көрермендер фильмге деген өзінің көзқарасын білдіріп, «доллармен дауыс берді», деп мәлімдеді.
Дереккөз: kazinform.kz