Warner Bros. Pictures компаниясы "Бэтмен против Супермена: На заре справедливости" фильмінің жаңа трейлерін жариялады, оның премьерасы 2016 жылдың наурыз айына белгіленген. Көрсетілім Сан-Диего қаласындағы Comic-Con фестивалінде болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Осыған дейін Warner Bros. "Бэтмен против Супермена: На заре справедливости" фильмінің қысқаша мазмұнын жариялаған еді. "Готэмның қаһарлы әрі күшті қорғаушысы құдайдай әрі жүгенсіз қаһарманның әрекетіне уайымдап, Метрополис құтқарушысымен қарсы келеді, бұл уақытта әлем олардың қайсысының қажет екендігіне дауласып жатады. Бэтмен мен Супермен бір-бірімен шайқасып жатқанда адамзатты жойып жіберердей, атын ел естімеген қатер пайда болады", - делінген синопсисте.
"Бэтмен против Супермена: На заре справедливости" фильмінің негізі DC комиксінен алынған, картина бір уақытта екі туындының франшизасына айналды: Бэтмен жайлы және Зак Снайдердің Супермен жайлы "Человек из стали" фильмдері. Онда басты рольдерді Бен Аффлек (Бэтмен) Генри Кавилл (Супермен), Джесси Айзенберг (Лекс Лютор), Джейсон Момоа (Аквамен) және Галь Гадот (Ғажап әйел, Чудо-женщина) ойнайды.