«Үйлесім сабақтары» («Уроки гармонии») атты қазақстандық фильм Берлин 63-ші кинофестивальде үздік операторлық жұмыс аталымы бойынша «Күміс аю» сыйлығын алды деп хабарлайды фестивальдің ресми сайты.
Картина операторы Азиз Жанбакиев барлық команда мүшелеріне және арнайы «Қазақфильм» киностудиясы президенті Ермек Аманшаевке алғысын айтты.
Айта кетсек, фильм Аслан атты 13 жастағы баланың өмірін баяндайды. Сыныптастарынан зорлық көрген ол өз мінезіндегі қасиеттерді жетілдіре бастайды. Эмир Байғазин бұл арқылы жеке адамның қоғамдағы ағыммен қарсы қояды.
Халықаралық кинофестивальдың басты сыйлығын – «Алтын аюды» Румыния режисері Калин Питер Нецер «Поза ребенка» атты драмасымен жеңіп алды. Гран-при жүлдесін әділ-қазылар алқасы Данис Тановичтың «Случай из жизни сборщика железа» атты драмасына берді. Үздік режисерлік жұмыс аталымында Дэвид Гордон «Повелитель лавин» атты лентасымен алды. Үздік сценарийге берілетін сыйлық Иран режисері Джафар Панахидың «Закрытый занавес» фильміне бұйырды. Үздік ер адам рөлі – Назифу Мужичке ("Случай из жизни сборщика железа" фильмі) берілсе, үздік әйел рөліне Паулина Гарсиаға («Глория» фильмі) тиді. Ал әділ-қазылар алқасының арнайы сыйлығын «Тыныштықты сақтау» («Сохранить спокойствие») фильмімен Штефан Крикхаус жеңіп алды. Қысқаметражды фильмдер қатарында «Алтын аю» сыйлығын Жан-Бернар Марлин «Побег» фильмімен жеңді. Ал үздік дебюттық фильм – «Ракета» атанды. Режисері – Ким Мордаунт (Аустралия).
Берлиналеде 400 фильм көрсетілді. Бас жүлде үшін 19 кинолента бәсекелесті. Қазылар алқасында неміс кинорежисері Андреас Дрезен, актер Тим Роббинс және Иран киноқоюшысы Ширин Нешат болды. Қазылар алқасының төрағасы – қытай режисері әрі журналист Вонг Карвай.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: tengrinews.kz