Берік Айтжанов пен Аша Матай ойнайтын "16 қыз" фильмінің трейлері шықты

Берік Айтжанов пен Аша Матай ойнайтын "16 қыз" фильмінің трейлері шықты
Фото: youtube

Режиссер Қанағат Мұстафиннің "16 қыз" романтикалық комедиясы 3 наурыз күні прокатқа шығады.

Картинада басты рольдерде Берік Айтжанов, Аша Матай мен Әнуар Нұрпейісов ойнайды. 2014 жылдың тамызында басталған түсірілім жұмыстары Алматы, Баянауыл және Астана мен Қарағандыда өтті.

"16 қыз" фильмі  Бауыржан есімді жігіттің ата-анасы баласын үйлендіргісі келіп, әкесі мен шешесі баласына қалыңдық іздейді. Ал Бауыржан болса махаббатпен үйленгісі келеді. Оның таңдауы Айжан есімді бойжеткенде болып, ол қыз басқа адаммен атастырылады. Әкесінің көңілін қалдырғысы келмеген қыз сүйіктісінен бас тартады.

Фильмнің сценарийін Қанағат Мұстафин мен Жанат Қасбеков жазды, ал продюсері Айдархан Әділбаев болды.


С. Ерсін