- Негізгі бет
- Кино
- Бекмамбетов енді қандай...
Бекмамбетов енді қандай кино түсірмек?
Соңғы жылдары ерекше танымалдылыққа ие болып, таланты мен еңбегінің арқасында табысты режисерге айналған Тимур Бекмамбетов енді "Боеголовка" атты экшн-картинасын дайындап жатыр. Ақпараттарға сүйенсек, фильмде парашюттер мен ұшу құралдарының көмегімен зеңгір үйлерді тонауды жоспарлап жүрген тайлық тонаушылар тобымен біріккісі келетін бұрынғы әскери ұшқыш туралы айтылады.
"Боеголовка" кинофильмінің сценарийін 2010 жылы Джордж Мэхэффидегі Paramount студиясы жазып шықты. Сценариймен "Загадочная история Бенджамина Баттона" және "Великий Гэтсби" кинокартиналары арқылы таныс Ф.Скотт Фрэйзер жұмыс жасап жатыр. Ф. Скотт Фрэйзер өткен жылдың күзінде ғана MGM студиясы экранға шығаратын Дмитрий Глуховскийдің "Метро 2033" романының сценарийін де өз мойнына алған еді.
Кинофильмдегі продюсерлік тобында Майкл Бэй, Эндрю Форм және Брэд Фуллер сынды продюсерлер жұмыс атқарады.
Түсірілім тобы анықталғанымен, әлі актерлер ұжымы белгіленген жоқ.
Бұл Тимурдың голливудтық үшінші туындысы. Оның голливудтық алғашқы дебюті - Анжелина Джоли ойнаған "Аса қауіпті" "("Особо опасен") боевигі. Ал екінші жобасы - "Президент Линкольн: Қанішерлерге қарсы күрес" кинофильмі. Ол әлемдік кинопрокатта 116 миллион долларды жинаған болатын.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
сурет: news.mail.ru
А. Әбілхан