«Оз елінің жауынгері» атты фильм түсірілімі 2013 жылдың 5 қаңтарында басталады.
«Базелевс» америкалық студиясы түсіретін фильм Алматыдағы "Қазақфильм" студиясында түсіріледі.
Тимур Бекмамбетовтың айтуынша, фильм жасауға продюсер мен сахна қоюшы Игорь Цай қатысады. Сондай-ақ, Бекмамбетов көптеген америкалық актерлерді осы жобаға шақырмақ екен. Тимур Бекмамбетов: "Бұл фильм үлкен халықаралық жоба болатындығына сенемін," - деп атап өтті.
Айта кетсек, режисердің соңғы ұсынған туындысы «Джентльмендер, сәттілік!» кеңес заманының әйгілі фильміне ремейк болған еді.
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: imobilco.ru