Өткен жексенбіде Алматы облысындағы Талғар қаласында "Бауыржан Момышұлы" телесериалының алғашқы маусымының түсірілім жұмыстары басталды. Жобаны Sataifilm компаниясы "Хабар" агенттігінің тапсырысымен жасап жатыр. Телефильмның режиссері – Ақан Сатаев(«Жаужурек мын бала», «Рэкетир», «Ликвидатор»).
Қырық минутқа лайықталған төрт хикаяның алғашқысының сценариін Тимур Жақсылықов жазған. Мұндағы оқиғалардың негізі Александр Бектің «Волоколамское шоссе» туындысының бірінші кітабы бойынша баяндалады. Хикая 1941 жылдың шілде айында әскери коммисариатта қызмет етіп жүрген аға летейнант Бауыржан Момышұлының әскерге сұрануынан басталады. Сол кезде Алма-Атаға аты аңызға айналған генерал-майор Панфилов келеді. Бауыржанмен жақын танысып-біліскен Панфилов өзінің батальондарының бірін сеніп тапсырады. Көп ұзамай-ақ дивизия майданға аттанады.
Телефильмдегі басты рөлді көрермендерге аса таныла қоймаған, бірақ болашағынан үлкен үміт күттіретін, батыр атамызға ұқсайтын Еркебұлан Дайыров есімді актер сомдайды.
Қалған рөлдерді Ақан Сатевқа өте жақсы таныс актерлер иемденіп отыр. Мәселен, Бауыржан Момышұлының жұбайын Әсел Сағатова, генерал Панфиловты Виктор Ашанин, летейнант Қасеновты Саят Есембаев сомдайтын болады.
"Бауыржан Момышұлын" жақсы топтың қолында деуге болады. Оның басы қасында Ақан Сатаев, Тимур Жақсылықов, режиссер Галина Жердецкая, оператор Хасан Қыдыралиев, компазитор Ренат Гайсин, қоюшы-суретші Нәзира Байбекова, киім бойынша суретші Әсел Шалабаева, атқарушы продюсер Жарасхан Кульпиенов, дыбыс режиссері Ілияс Етекбаев жүр.
"Бауыржан Момышұлының" Қазақстандағы түсірілімдері 18 тамыз-23 қыркүйек аралығында өтеді. Онан кейін топ Минскке қоныс аударып, «Беларусьфильм» студиясының аумағында Мәскеу жанындағы шайқастарды түсіретін болады.
Телефильмнің алғашқы көрсетілімі "Хабар" арнасында биыл қараша айының соңы мен желтоқсан айының басына жоспарланып отыр.
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
Сурет: kino-pravda.kz