Басты рөлде - тас

Басты рөлде - тас

Әйгілі "Титаник" фильміндегі көк алмас орнына мүлдем басқа тас түскенін білесіздер ме? Ол тас "танзанит" деп аталады. Аталған тас әлемнің бір ғана жерінде шығады. Алғаш рет осы тастың шығатын жерін Танзаниядағы Килиманджаро тауының баурайында аңшылар тапқан болатын. Біраз уақыт бұл тас сапфир тастарының арзан бағалы алмастырушысы болған еді.

Алайда, маркетинг өзінің ғажабын жасады. Тастың нарықта дамып, ілгері басуымен атақты "Тиффани" фирмасы айналысты. Алғашында бұл тасты "цоизит" деп атаған болатын (zoisite), бірақ бұл атау "суицид" сөзін еске түсіргендіктен, Тиффани жарнамалаушылары "танзанит" деген атау ойлап тапты. Жаңа атау тас табылған мемлекеттің құрметіне берілген еді.

Осы тастың түсін танзаниттен жасалған әшекей бұйымдар қолданатын Элизабет Тейлордің көзінің түсімен де салыстырған еді. Дегенмен, оған әлем деңгейіндегі танымалдылықты "Титаник" фильмінде түскен рөлі әкелді. 

"Титаниктің" режиссері Джеймс Камерон осы рөлге арнайы көк түсті тас іздегенде, оған көк алмаз да (қою көк болғандықтан), сапфир де (күңгірт болғандықтан) ұнамаған болатын. Ал Джеймс іздеген тамаша көк түс танзанитте бар болып шықты, сондықтан да осы тас атақты фильмде басты рөлді сомдады.

Сурет: briliantstyle.ru, gornovalera.beon.ru

Ж. FM