Бар мәселені ұмыттыратын 9 аниме сериал

Бар мәселені ұмыттыратын 9 аниме сериал
Фото: film.ru

Кейде аниме қарап отырып демалудың орнына оның кейіпкерлерімен бірге уайымдап, бірге қуанып отырамыз. Бүгін оқиғалары қызықты, кейіпкерлері қызықты, бар мәселені ұмыттыратын 9 аниме сериалды ұсынамыз.

1. Баракамон 
Жапония, 2014 жыл
Комедия
Ұзақтығы: 12 эпизод
IMDb: 8,2

1990 жылдардың аяғында жапон бұқаралық ақпарат құралдары адам жанының емдеушісі ретінде қызмет ете бастады. Жапония тарихындағы трагедияға толы оқиғалардан кейін олар Iyashikei жанрын трендке енгізді.  Iyashikei сөзінің баламасы — "емдеу". Ияши - өмір салты туралы жанр түрі. Ол жерде драма, қақтығыстартар болмайды, айтарлықтай бір оқиғалар жоқ. Кейіпкерлер әрдайым күлімсіреп жүреп, өзімен және табиғатпен үйлесімді өмір сүреді.

"Баракамон" — сол жанр бойынша түсірілген анимелердің бірі. Кәсіби каллиграф Хандо оның жұмысына қатысты сынға шыдамай, қарсы жауап береді. Сол үшін оны өзге мекемеге ауыстырады. Токионың шуына үйренген Хандоға ауылды аймаққа көшу оңай болған жоқ. Бірақ ауыл тұрғындары қаланың жігітін қуанышпен қарсы алып, оның зерігуіне жол бермейді. Хандоның басынан кешкен әр оқиға көрерменді күлкіге қарқ қылады. 

2.  Мыстанның ұшуы / Полёт ведьмы
Жапония, 2016 жыл
Фэнтези, комедия
Ұзақтығы: 12 эпизод
IMDb: 7,2

Макото сиқыр өнерін үйрену үшін қаладағы туыстарының үйіне көшіп келеді. Алайда Макото қалаға сол күйі үйрене алмай қояды. Бойжеткен үнемі адасып, ыңғайсыз жағдайларға тап болады.  Аниме сиқыр туралы сияқты көрінгенімен, бірақ эпизодтардың көпшілігі күнделікті тақырыптарға арналған. Макото жаңа достар табады, жоғалған мысықты іздейді, ағасы мен әпкелерімен көңіл көтереді.

3.  Табиғат аясындағы лагерь / Лагерь на свежем воздухе
Жапония, 2018–2021 жыл
Комедия, шытырман
Ұзақтығы: 28 эпизод
IMDb: 8,1

Анимедегі әдемі пейзаждардың бәрі өмірде бар. Кейіпкерлер шынымен Жапонияның көркем жерлеріне саяхаттайды. Олар  саяхаттау және шатырда тұру туралы өте пайдалы кеңестермен бөліседі. Шатырды қалай орнатуға болатынын және қол дорбасына не салу керегін көрсетеді. Көрермендерге қызықты болу үшін Надешико есімді жаңа кейіпкер қосылды. Ол әлі де кемпинг туралы ешнәрсе білмейді, бірақ табиғаттағы шытырман оқиғаларды шексіз жақсы көреді.

4. Хакумей мен Микоти / Хакумэй и Микоти
Жапония, 2018 жыл
Фэнтези.
Ұзақтығы: 12 эпизод
IMDb: 7,2.

Хакумей мен Микоти - үлкен ағаштың ішіндегі кішкентай үйде тату-тәтті өмір сүріп жатқан ергежейлі қыздар. Олар құстарды қолға үйретіп, көлік түрінде пайдаланады, жәндіктердің көмегін пайдаланады, табиғи ингредиенттерден керемет дәмді нәрсе дайындайды - олар табиғатпен үйлесімді өмір сүреді. Анимедегі фон өте шебер боялған, сондықтан көрермен ретінде асықпай кадрларды тоқтатып, оларды жай ғана сурет секілді тамашалай аласыз.

5. Аспан дизайн бөлімі / Небесный отдел дизайна
Жапония, 2021 жыл
Фэнтези, комедия
Ұзақтығы: 12 эпизод
IMDb: 8,1

Анименің ашылу бөлімінде жаратушы өзінің ұлы туындыларының бесінші күні шаршағанын айтады: ол жерді, суды, өсімдіктерді, аспанды, жарық пен жұлдыздарды ойлап тапты және жануарларды жасап шығару үшін ол өзге мердігерлерді шақырды. Аспан дизайны бөлімі балықтардың, құстардың, сүтқоректілердің және бауырымен жорғалаушылардың дамуына жауап береді. Фаунаның барлық алуан түрін осы дизайнерлер ойлап тапқан. Анимедегі жоба менеджерлерінің орнын періштелер алмастырған. Олар арқылы дизайнды тапсырыс беруші жаратқан ғана "мақұлдайды!".

6.  "Ақ аюмен бірге" кафесі / Кафе "У Белого медведя"
Жапония, 2012 жыл
Комедия
Ұзақтығы: 50 эпизод
IMDb: 8,1

Ақ аю Канададан Жапонияның шеткі аймағына қоныс аударып, хайуанаттар бағының жанынан дәмхана ашты. Кафе ешқашан бос болған емес. Тұрақты келушілер арасында Пингвин, Лама және жалқау Панда бар. Олар үнемі өмір туралы ұзақ әңгімелер айтады. Кафеге келушілер қатарында адамдар да бар. Мысалы, еңбекқор даяшы Сасако. Аниме көріп отырып, өзіңіз де сол кафенің тұтынушысы бола аласыз.

7. Доктор Стоун
Жапония, 2019–2021 жыл
Фантастика, шытырман, әскери.
Ұзақтығы: 35 эпизод
IMDb: 8,3.

Аниме қақтығыстар жайында емес. Бұл ақырзаманнан кейін жаңа кезең басталып, мыңдаған жылдар бойы дамусыз қалған адамзатты құтқару үшін ғылымға әуес орта мектеп оқушысы ғана талмай еңбек ете бастайды.  Ол ұлу қабықтарынан сабын жасайды, тастар мен таяқтардан электр станциясын тұрғызады.

8.  Нацумэ достық дәптері / Тетрадь дружбы Нацумэ
Жапония, 2008–2017 жыл
Фэнтези, драма, комедия
Ұзақтығы: 74 эпизод
IMDb: 8,1.

Анименің бас кейіпкері басқа дүниені көреді, ал Мадараның үй жануары сүйкімді мысық емес, нағыз жын. Ол жаза ретінде мысық денесіне қамалған болатын және оған үйренгені сонша, босатылғаннан кейін сол күйі қалуды шешті. Өзінің құдіретті күшіне байланысты Нацумэ өзін жалғыз сезінетін және оған дос керек. Мадара бала кезінде жетім қалып, сериалдың басында асырап алған отбасына көшіп келеді.

9. K‑On!
Жапония, 2009–2010 жыл
Комедия, музыка
Ұзақтығы: 41 эпизод
IMDb: 7,8.

Жасөспірімдер туралы заманауи сериалдар экшнге, кейде шамадан тыс драмаға толы. Шындығында, жасөспірімдердің көпшілігі тыныш, қалыпты өмір сүреді. Фильмдер, ойындар, сабақтар, мектептен кейін саябақта серуендеу, сауда орталығында көңіл көтеру - бұл кәдімгі жасөспірімдер өмірі. Ал "K-On!" кейіпкерлері сабақ оқиды, шай ішеді, көп серуендейді, қалжыңдасады және анда-санда музыкалық топтың құрамында сахнада өнер көрсетеді.

Т. Есқали