Чарльз Чаплин сыртқы келбеті қаңғыбасқа, ішкі жан дүниесі мырзалық сипатқа ие Чарли образын жасады. Үлкен киноның кішкентай актері болған әйгілі тұлғаның даналық сөздерін назарларыңызға ұсынамыз.
• Комедия жанрында фильм түсіру үшін маған саябақ, полиция қызметкері және бір әдемі қыз жетеді.
• Жақсы көрілмегендер жек көреді.
• Мен айта-айта жауыр болған тақырыпты қаузаудан қорықпаймын. Себебі, өмірдің өзі жауыр болған тақырып. Біз өмірге келеміз немесе өлеміз, ұйықтаймыз, үш мезгіл тамақ ішеміз, сүйеміз не сүймейміз.
• Өмірдегі қайғылы оқиға – ен байлыққа үйреніп қалу
• Ешқашан сәби болмағандар есеймейді.
• Үнемі төменге қарап жүретін адамдар, кемпірқосақты көрмейді
• Күлкісіз күн – босқа өткен күн
• Ақыл кейде мені уайымға салады, бірақ оны жүрекпен үйлестіре алсам, бірден баға жетпес одақтасыма айналады
• Мен кедейліктен ешқандай сұлулық және ғибрат көрген жоқпын. Ол маған ештеңе үйретпеді. Өмірдегі баға жетпес деген естеліктерімді бұзды. Қоғамның жоғарғы тобы деп аталатын байлардың таңдауы мен әдетін құрметтемеуді ұқтырды.
• Барлығы шынайылықта. Егер қарт адам банан қабығына тайып жығылса күлмейміз. Ал бай, джентельмен жігіт тайып жығылса ішегіміз түйілгенше күлеміз.
• Менің қайғым біреудің қуанышына себеп болуы мүмкін. Бірақ менің күлкім біреудің қайғысына себеп болмауы керек.
• Айна менің ең жақын досым, себебі, ол мен жылаған уақытта күлмейді.
• Ойлану қабілеті скрипка немесе роял ойнауға ұқсайды. Онымен күнде шұғылданып тұру керек.
• Өмір репитицияланбайтын пьеса. Сондықтан перде жабылып, спектакль бітпегенше ешқандай шапалақты күтпей ән айт, биле, күл және қолыңнан келгенше жақсы өмір сүр.