- Негізгі бет
- Кино
- «Айка» фильмі отандық...
«Айка» фильмі отандық кинотеатрларда көрсетіледі
12 ақпан күні Астана қаласында Канн фестивалінің жеңімпазы атанған «Айка» фильмі көрсетілді. Шараға картина режиссері Сергей Дворцевой мен негізгі кейіпкердің рөлін сомдаған Самал Еслямова арнайы келді.
Журналистермен сұхбаттасу барысында Самал Еслямова бұл картинаның 6 жыл түсірілгенін атап өтті. Үлкен еңбектен туған картинаның режиссері Сергей Дворцевой фильм жайлы қысқаша айтып өтті.
«Айканың» алғашқы көрсетілімін Астанада бастап отырмыз. Қазақстаның Мәдениет және спорт министрлігіне үлкен рахмет айтқымыз келеді. Министрліктің қолдауымен Оскар байқауына қатысып, әлемнің үздік 9 фильмінің қатарына ендік. Ал біздің актриса Самал посткеңестік кино тарихында алғаш рет әлемнің үздік актрисасы атанды. Барлығы «Айканы» ауыр фильм деп айтып жатыр, көрерменді олай қорқытпай-ақ қояйық. Бұл өте салмақты картина, онда әзіл де бар, драма бар», - деді режиссер.
Режиссер қырғызстандық азаматшаның Мәскеуде заңсыз жұмыс істеп, осы уақытта оның бастан кешкен қиындыққа толы оқиғаларын көрсетеді.
Қазіргі уақытта фильмнің ресми трейлерін YouTube видеохостингінен көруге болады. Ал 14 ақпаннан бастап фильм Қазақстан және Ресей кинотеатрларынан көрсетіледі.
Еске сала кетсек, «Айка» картинасы Канн фестивалінде үздік деп танылды. Осы шарадан кейін фильм Оскар жүлдесінің «Шетел тіліндегі үздік фильм» санаты бойынша үздік 10 фильмнің тізіміне енді.
А. Қажиев