Өнер актерден құрбандықты талап етеді. Өз ісіне шын берілген өнер адамы қандай болса да тәуекелге даяр тұрады. Біз сіздерге осы уақытқа дейін кинодағы рөлі үшін денсаулығын құрбан еткен адамдар жайында айтып өткен едік. Бүгінгі кезек - әйел образындағы ер актерлерде. Табиғаты бөлек, өзге жынысты жан үшін мұндай тәуекелге бару оңай деп кім айтты? Актер өз рөлін алып шығу үшін сол образды жақсы түсіне білуі керек. Сезіне білуі керек! Бүгін біз көгілдір экранға әйел кейпінде шығып, көрерменнің көңілін тапқан ер актерлермен таныспақпыз.
Чарли Чаплин 1914 жылы жарық көрген "Іскери күн" кинофильмінде бақытсыз джентльменнің әйелі рөлінде
Джонни Депп «Эд Вуд» кинофильмінің түсіріліміне дайындық кезінде әйел образына еніп көргісі келген
Александр Калягин «Сәлеметсіз бе, мен сіздің тәтеңіз боламын!» кинофильмінде
Олег Табаков «Сау болыңыз, Мэри Поппинс!» кинофильмінде қазымыр Мисс Эндрюдың рөлінде (Маникюрін қараңыз)
Роберт Дауни «Шерлок Холмс: Елестермен ойыны» фильмінде
Джуд Лоу «Қаһар» фильмінде
Адам Сэндлер «Әр түрлі егіздер» фильмінде
Данила Козловский «Күлдіргіш» фильмінде
Тони Кертис (сол жақта) пен Джек Леммон (оң жақта) 1959 жылы жарық көрген "Джаз тек қыздар үшін" кинофильмінде көңілді музыкант әйелдердің рөлінде
Джеймс Франко 2011 жылы «Оскар» сыйлығын табыстау кезіндегі салтанатты жиында Мэрилин Монроның образында
Дастин Хоффман «Тутси» фильмінде
Дэниел Крэйг әлеуметтік желілерге әйелдерді кемсітуге арналған жарнамалық роликке түсу кезінде
Дэвид Духовны «Твин Пикс» сериалында
Гаэль Гарсия Берналь «Нашар тәрбие» фильмінде
Джон Траволта «Шашқа арналған лак» фильм-мюзиклінде
Патрик Суэйзи «Вонг Фу, барлығы үшін рақмет! Джули Ньюмар» фильмінде
Таңғажайып үшеу: Уэсли Снайпс, Патрик Суэйзи және Джон Легуизамо «Вонг Фу, барлығы үшін рақмет! Джули Ньюмар» фильмінде
Павел Деревянко «Ржевский Наполеонға қарсы» фильмінің түсірілімінде
суреттер: woman.ru