Қар тазалау кезінде жарақат алған Голливуд актері Джереми Реннердің аяғын дәрігерлер кесуі мүмкін, себебі жарақаты ауыр.
"Кек алушылар" франшизасының жұлдызы Джереми Реннерге екі ота жасағанымен, оның денсаулығына дәрігерлер әлі де алаңдап отыр. Егер нәтиже нашар болса, Реннер мүгедек болып қалуы мүмкін, деп жазады Radar Online жағдаймен таныс дереккөзге сілтеме жасап.
Қар тазалағыш көлік Реннердің аяғының сүйектерін сындырған, дәрігерлер ампутация болуы мүмкін дейді.
Джереми Реннердің ауруханада жатқаны 2 қаңтарда белгілі болды. Жаңа жылдың алғашқы күні актерді қар тазалағыш көлік басып кеткен. Реннер дереу ауруханаға жатқызылып, оған бірнеше ота жасалған.
Marvel жұлдызының ауыр жарақат алғаны және оның жағдайы "ауыр, бірақ тұрақты" екені хабарланды.
4 қаңтарда актер ауруханадан түскен алғашқы суретін жариялады.