- Негізгі бет
- Кино
- Авторына толағай табыс...
Авторына толағай табыс әкелген отандық фильмдер
Қазақстандық кино әлемінде жыл сайын шығарылатын фильмдердің саны өсіп келеді. Отандық фильмге халықтың да қызығушылығы артуда. Бірақ кейде танымалдығына қарамастан, көптеген туындылар коммерциялық тұрғыдан сәтсіздікке ұрынады. Бүгін жұмсалған қаржысын өтеумен бірге продюсеріне табыс әкелген отандық фильмдерді назарларыңызға ұсынады.
«Келинка Сабина»
Қазақстандағы ең атақты келіннің басынан өткен оқиғасы туралы туынды кино түсіруші топқа екі миллион долларға жуық табыс әкелген. Фильмнің режиссері, продюсері және актері болған Нұртас Адамбаев көрермендер үшін аянып қалмады. Автордың айтуынша, «Сәбина келіннің» түсіріліміне 300 мың доллар көлемінде қаржы жұмсалған.
Айта кетерлігі, «Сәбина келін» фильмі — билеттері алдын-ала бірнеше күн бұрын сатылып кеткен жалғыз отандық туынды.
«Ғашық жүрек»
Ауылдан шыққан қарапайым қыздың қалаға оқуға келгендегі өмірін бейнелейтін фильм — Баян Есентаеваның продюсерлік орталығындағы тұңғыш қыруар қаржы әкелген туынды. 2010 жылы небәрі 350 мың долларға түсірілген «Ғашық жүрек» миллион доллардан астам кіріс тапан. Кейіннен, оқиғаның екінші бөлімі де дәл осындай табысқа кенелді.
«Он и Она»
Жас режиссер Сәкен Жолдастың «Он и Она» төл туындысы алғашқы көрсетілімдерінде-ақ барлық шығынды өтеген. Романтикалық комедия Федор Бондарчуктың «Сталинград» фильмімен бәсекеге түсіп, 40 миллион теңге табыс жинады. Қазақстаннан бөлек фильм Өзбекстанда және Қырғызстанда көрсетілді.
«Жаужүрек мың бала»
«Жаужүрек мың бала» тарихи туындысы еліміздегі кассалық жиыны рекордтық көрсеткішке жеткен фильм болып саналады. Бірінші аптаның өзінде кинотуынды авторларына 1 миллион доллар табыс әкелген. Тарихи туындының ортақ сомасы 3,8 миллион долларды құрайды. Бұған қоса, «Жаужүрек мың бала» — 2012 жылы DVD форматында ең көп сатылған кино.
«Свадьба на троих»
«Свадьба на троих» деп аталатын романтикалық комедия бірінші аптада 87 миллион теңге кіріс әкелген. Продюсерлердің пікірінше, картина жұмсалған қаражатты толық өтеген. Фильм режиссері ретінде Асқар Бисембин жұмыс атқарған болатын. Фильмнің түсірілімі Алматыда 29 күнге созылды. Картинадағы басты рөлдерді Нұртас Адамбаев, Аружан Жазылбекова және Дәурен Айдарқұлов сомдады.
«Рэкетир»
2007 жылы Ақан Сатаев тұңғыш рет қазақстандық коммерциялық киноның даңғыл жолын салған болатын. Режиссердің «Рэкетир» картинасы алматылық бұзақы Саянның 90-жылдардағы өмірінен сыр шертеді. Бюджеті 800 мың долларды құрайтын туынды 1,2 миллион доллар табыс тапқан. Қылмысты драманың жалғасы осы жылы жазда көрермендер назарына ұсынылды. Отандық көрсетілімде фильм 2 миллион теңге жинады. «Рэкетир 2. Өткен өмір жібермейді» деп аталатын екінші бөлім Қырғызстанның, Якутияның және Бурятияның үлкен экрандарына да шықты.
Дереккөз: Nur.kz
Е. Жұмабайұлы