"Аватардың" жалғасы түсірілуде

"Аватардың" жалғасы жаңа технологиямен түсірілмек.

Кино түсіруге арналған жаңа технологияны дайындауға үш компания бірігіп кіріспекші. Атап айтсақ, Кэмеронның Lightstorm Entertainment компаниясы, Питер Джексонның Weta Digital ұжымы және арнайы эффектілерге кәсіби софт дайындаумен айналысатын Autodesk компаниясы.

Айта кетелік, бірінші "Аватардың" жұмыстары кезінде виртуалды түсіру жүйесі мен басқа да революциялық технологииялар пайдаланылған еді. Бұл технологиялар актерлардың ойынына бірден компьютерлік графика қосып отыруға мүмкіндік берген болатын.

Джеймс Кэмерон

Фильмнің жалғасын түсіру кезінде бұл технологияға біршама өзгеріс енгізілді. Бұл өзгеріс қалыптасқан кино түсіру дәстүріне үлкен жаңалық әкеледі. Айта кетелік, бұған дейін анимациялық фильмдерді дайындау үш сатыдан тұратын: түсіру жұмыстарына дайындық, түсіру жұмыстары, ақпаратты өңдеу. Жаңа Autodesk’s MotionBuilder-2013 бағдарламасы бір сәтте үлкен көлемдегі ақпаратты өңдеуден өткізіп, алаңда болып жатқан оқиғаны компьютерлік графикамен бірден байланыстырып, сонымен қатар, режиссерға кадрге кез келген өзгеріс енгізуге мүмкіндік береді.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/mdw8OS624Uk","width":"450","height":"256"});

Бірінші "Аватар" фильмінің ресми трейлері

"Аватар" ғылыми-фантастикалық фильмі 2 миллиард доллар шамасында қаржы жинап, әлемдегі ең кассалық фильм атанған еді. Картина тек коммерциялық тұрғыдан сәтті болған жоқ. Ол, сонымен қатар, киносыншылардың сынынан абыроймен өтіп, таңдай қақтырды. Фильм авторы Джеймс Кэмерон "New York Times" газетіне берген сұхбатында Пандора планетасы туралы бұл жоба оның бірінші әрі соңғы режиссерлік және продюсерлік жұмысы болатындығын айтты. Кейбір ресми емес ақпараттарға сенсек, Кэмерон бір уақытта екі немесе үш "Аватар" түсіруді жоспарлап отыр. Екінші "Аватардың" премьерасы 2015 жылға жоспарлануда.

 

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: gdegde.kz