Кинопрокат тарихында ең көп табысқа жеткен «Аватар» фильмі әлі де жалғасатын болады. Режиссер Джеймс Кэмерон «Аватардың» үш бірдей сиквелін түсіріп, 2016-2018 жылдар аралығында экранға шығаруды жоспарлап отыр. Режиссердің айтуынша, үш фильм Жаңа Зеландия жерінде бір мезгілде түсіріледі және тоғыз ай шамасына созылады.
Ел үкіметі Lightstorm Entertainment және Twentieth Century Fox киностудияларымен келісімшартқа отырып қойған екен. Бұл киностудиялар түсірілімге 500 млн. доллар ақша шығарып, мыңдаған жұмыс орнын құратын болады. Бұл әрине болашақтың еншісіндегі жаңалықтар, ал біз 2009 жылы әлемді аузына қаратып «Оскарды» үш, «Алтын глобусты» екі рет иеленіп, 2, 8 млрд. доллар қаржы жинаған «Аватарды» еске түсіріп көрейік.
Бастапқыда Джеймс Кэмерон картинаны 1999 жылы шығармақ болған. Алайда, Кэмеронның жасамақ болған арнайы әсерлерінің (спецэффект) ауқымдылығы мен қиындығын ескерсек, фильм бюджеті 400 млн.$ қаржыны құрау керек болды. «Титаниктің» үлкен жетістігіне қарамастан, ешбір студия мұндай ақшаны шығара алмады. Осылайша жоба сөреде 10 жыл уақыт бойы тұрып қалды.
"Аватар" фильмінің сюжеті мен алғашқы нұсқасы 1995 жылы жазылған.
Майкл Бин фильмдегі рөлдердің бірін сомдау керек болған. Тіпті Джеймс екеуі бірнеше рет кездескен екен. Режиссер ойлана келе өз кейіпкерін көрермендердің «Бөтендер» (1986 ж) фильміндегі қаһарманмен салыстырып отырғанын қаламайды.
Кэмерон "Аватар" үшін түсірілім кезінде компьютер мониторының экранынан кейіпкерлер мен тірі актерларды көруге болатын арнайы технология ойлап табады.
Фильмнің 40 пайызы ғана шынайы түсірілімнен тұрса, 60 пайызын компьютер графикасы құрайды.
Аватар әлемін жасап шығу үшін петобайтқа жуық (1 048 576 гигабайт) дискілік кеңістік қолданылған. Осынша көп ақпараттың ішінде киноөнімге қажетті графикалық шикізаттар кірген (өсімдіктер, ағаштар, жануарлар).
Салыстыру үшін айта кетейік, «Титаникке» бар болғаны 2 теребайт қажет болған (кеменің және жолаушылардың батуын көрсеткен).
Кэмеронның шынайы сценарийі бойынша, өсімдік жапырақтарының түсі На’видің терісі секілді көк болуы керек еді. Алайда, соңғы сәтте шынайылыққа жақын болу үшін жасыл түсті пайдалануға шешім қабылданады.
Табиғи қозғалысты эпизодтар үшін өте үлкен декорация құрылған. Мұның бәрі Жаңа Зеландиядағы Веллингтон жерінде түсірілген. Бұл шынайы құрылысқа ұқсайды. Декорация құрылымы жасауда 150 шебер жұмыс істеген.
Декорация құрамына адамның аватар терісіне айналып кетуіне көмектесетін тас табыт секілді құрылғы қойылған байланыс бөлмесі, ғалымдар жұмыс істейтін және аватар денесі қойылған сұйықтық сақталатын биолабаротория, «Тозақ қақпасы» атты жүйке жүйесі базасы басқарылатын орталық, тікұшақтар мен костюмдер сақталатын Armor Bay әскери бастион кіреді.
Weta Digital дата-орталығы орташа есеппен 1,3 мин рендеринг тапсырмасын секундына 7-8 Гб өңдеген. Бұл үшін 24 сағат бойы қызу жұмыс жүргізілген.
Аборигендер денесіндегі басты қаһармандардың қолында бес саусақ, ал аватарларда төрт саусақ бар екенін байқадыңыз ба?
Джеймс Кэмерон басты рөлді сомдаған актерлердің сезімін күшейту үшін Гавайдағы тропикалық джунглиге алып шыққан.
Фильмде Леонардо да Винчидің ұшатын аппаратының образы қолданылады.
Джейк қолын тигізген құбыр ішіне тығылатын «гүлдер» шын мәнінде сабеллидтер тобына жататын теңіз бал ара құрттары екен.
2009 жылы 21 тамыз Бүкіләлемдік Аватар күні деп жарияланады. Сол күні ғаламшарымыздың барлық жерінде картинаның 15 минуттық үзіндісі көрсетілген екен.
2009 жылдың жазына жоспарланған "Аватар" фильмі желтоқсанға ауыстырылады. Бұған себеп болған картинаның техникалық қиындықтары емес, кинотеатрларға фильмнің 3D релизіне дайындық үшін артық уақыт беру.
Кэмерон өз тобына Оңтүстік Калифорния Университетінің лингвисі Пол Фроммерді шақырады. Ол Пандора ғаламшарының көк терілі тұрғындары үшін арнайы тіл ойлап табуы керек болды. Ғалым режиссердің жұмысын жеңілдету үшін әртүрлі дыбыстардың үлгілерін диктофонға жазып отырады. Кэмеронның таңдауы бойынша, бір грамматиканы жасап шығудың өзіне бір ай уақыт кеткен. 2005-2009 жылдар аралығында 1000 сөз ойлап табылған. Фроммер «На’ви тіліндей сөйлейік» деген брошюра жасап, актерларды үйретіп шыққан. Жалпы құрылымы бойынша Пандора тілі папуай және аустралия тілін еске салады. Ал кейбір сөздер неміс және полинезей тіліне ұқсас келеді. Режиссердің басты талабы – тілдің жағымды әрі аудиторияға ұнайтын болуы еді. Сіз қалай ойлайсыз? Мақсат орындалды ма?
Кэмерон мұнан басқа да астрофизиктерді, музыка профессорларын, археологтарды шақырған. Мамандар Пандора атмосферасының қалыңдығын есептеп береді.
"Аватардағы" Джейктің рөлі үшін студия Мэтт Дэймонды немесе Джейк Джилленхолды шақырмақ болады, бірақ Кэмерон Сэм Уорингтонның кандидатурасын таңдайды.
«Аватардың» кейбір көріністері мен фразаларынан антиамерикалық сипаттардың байқалатындығын АҚШ баспасөзі жарыса жазды. Кэмероннан полковник Куоритчтің Ағаш Үйді жоюы мен Нью-Йорктегі егіз мұнараға жасалған террористік шабуылдың ұқастығын түсіндіруін талап ететіндер қатары көбейеді. Сондай-ақ, Пандора тұрғындарын басу туралы операцияның «Діріл және есеңгіреу» аталуы да шу тудырды. Себебі, АҚШ-тың Иракқа басып кіру жөніндегі әскери доктринасы осылай аталған. Режиссер антиамерикалық сипаттарды жоққа шығарып отыр.
Режиссер "Аватар" фильміндегі Джейк пен Нейтридің махаббат оқиғасы «Титаник» фильміндегі Джек пен Розаның оқиғаларымен ұқсас келетінін мойындаған. Себебі, «Титаниктің» де режиссері әрі сценарисі Кэмерон еді. Екі жағдайда да ғашықтар екі түрлі мәдениеттің өкілдері болады. Екі жұптың да қарым-қатынасы қоғамдық қағидаға қайшы келеді. Қаһармандар өздерінің немесе өзгенің мәдениетін таңдауға мәжбүр болады.
Фильмнің бюджеті 300, 000 долларды құрайды.
Джеймс Кэмеронға бірнеше рет плагиатқа байланысты айып тағылады. 2010 жылы «Петербург және Ленинград облысының коммунистер» ұйымы өздерінің ресми сайттарында Джеймс Кэмеронды тұтқынға алу талабын қоятындықтарын жазады. Олар Кэмеронның кеңес фантастикасын, оның ішінде Аркадий Стургацкийдің және тағы да басқа жазушы-фантасттардың идеясын ұрлағандығын айтумен болды. Алайда Стругацкий фильм авторларына тағатын айыбының жоқ екендігін мәлімдейді.
Мұнан басқа Кэмеронның бұрынғы әріптесі Эрик Райдер Лос-Анджелестің жоғарғы сотына арыз береді. Райдердің айтуынша, ол 1999 жылы Кэмеронға әлі де адам аяғы баспаған табиғаты бар алыстағы ғаламшар туралы эпикалық фильм түсіру туралы идея ұсынған екен. Дәл сол жылы жазушы-фантаст Брайант Мур фильмде өзінің сценарийлерінің пайдаланғандылығын мәлімдеп, режиссер мен 20th Century Fox компаниясынан 2,5 млрд. доллар көлемінде айыппұл төлеуін талап етеді. Кімдік рас, кімдікі өтірік? Бұл туралы біржақты пікір әлі де қалыптасқан жоқ. Джеймс Кэмеронның тағы да үш бөлім түсірмек ниетіне қарағанда, қорқатын түгі де жоқ сияқты...
Сіз қалай ойлайсыз?
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/mdw8OS624Uk","width":"450","height":"350"});
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
Сурет: avatar-movie.ru