"Аватар 2" фильмі туралы қызықты деректер

"Аватар" фильмінің екінші бөлімі "Аватар. Су жолы" деп аталады. Ол - кейінгі жылдардағы көпшілік қатты күткен киножобалардың бірі. Режиссер Джеймс Кэмерон көрермендерді тағы да таңғалдыруда. Картинаның қай салада дамитынын тақырыбынан-ақ көруге болады: оқиғалар суда және су астында орын алады.

"Аватар. Су жолыда" бірінші фильмнен кейін 10 жылдан аса уақыт өткен кездегі оқиға көрсетіледі. Аватардың екінші бөлімінде Салли отбасының басынан өткен оқиғалары, қиындықтары және тірі қалу үшін қандай әрекеттерге баратыны жайлы көрсетіледі.

kinotoday.ru

"Аватар. Су жолы" 2022 жылы жарық көрді. Яғни, бірінші фильммен екінші фильмнің арасы 13 жыл. Әдетте, бірінші фильм жақсы жетістікке жетсе, көрермендерге көп ұзамай оның екінші бөлімі ұсынылады. Алайда Джеймс Камерон бірінші фильмнің өзіне 5 жыл дайындалған. Түсірілімге содан кейін ғана кіріскен.

Жалпы, "Аватардың» 4 сиквелін түсіру жоспарланған. Джеймс Кэмеронның айтуынша, ол "Аватар" сиквелдерінің сценарийлерін  Рик Джаффа, Аманда Сильвер, Джош Фридман және Шейн Салерно жасаушылар командаларының арасына бөліп тастаған.

Джеймс Камерон сюжеттік процесті былай деп суреттейді: "Менің ойымша, біз шамамен 7 ай кездесіп, бірге фильмдегі барлық оқиғаларды тақтаға ілдік. Бірақ мен ең соңғы күнге дейін әр авторға қай фильммен жұмыс істейтінін айтпадым. Егер мен сценарийді алдын ала берсем, біз басқа фильмді талқылау кезінде олар оған қатыспайтынын білдім". "Аватар. Су жолының" сценарийімен Джеймс Камеронның өзі және Джош Фридман жұмыс істеген.

"Аватардың" үшінші бөлімінің түсірілімі 2017 жылы Жаңа Зеландияда басталып кеткен. Аватардың үшінші бөлімі 2024-26 жылдарға, ал төртінші бөлімі 2028 жылға жоспарланған.

metronews.ru

Су астындағы қозғалысты шынайы көрсету үшін және жалпы атмосфераны беру үшін түсірілім шынымен де су астында өтті. Сол үшін 350 млн. литр суы бар арнайы резервуар жасалды. Фильм Калифорния жағалауында және Жаңа Зеландияда түсірілген.

wtftime.ru

Актерлердің көпшілігі су астында жүзу сабағын алуға мәжбүр болды. Мысалы, Кейт Уинслет барлық трюктерді өзі орындады. Актриса арнайы осы фильм үшін фридайвинг (су астында тыныс алуды тоқтату) бойынша сабақ алады. Оның ең ұзақ тыныс алуын тоқтатуы 7 минут 14 секундты құраған.

Фильмдегі басты рөлдерді Сэм Уортингтон мен Зои Салдана ойнады. Сэм Уортингтон - кәсіби актер. Ол Аустралияда дүниеге келіп, ұзақ уақыт сол жақта өмір сүреді. Алғашқы кездері ол Аустралияда сериалдарға түседі. Оны голливудтық картиналардан да көрген боларсыз. Бірақ "Аватардағы" басты рөл оған әлемдік танымалдылық әкеледі. Ол фильмнің екінші бөлімінде де Джейк Саллидің рөлін сомдайды.

Зои Салдананың балалық шағы Нью-Йоркте өтті. Зои кішкентайынан шығармашыл болды. Ол би студиясына жазылып, жетістіктерге жетті және ұжымдармен өнер көрсетіп жүрді. Кейін Зоиді режиссерлер байқады. Оның мансабы жақсы дамыды. Зои Сэмге қарағанда "Аватар" фильміне дейін де атақты болды. 2000 жылы Зои үлкен киноға дебют жасады: ол балериналар жайлы "Авансцена" фильміне түсті. Бұл жанр оның жанына жақын болатын. Актрисаның тағы бір рөлі "Кариб теңізіндегі пираттар: Қара інжу моншақтар қарғысы" фильмінде болды. Зоидің кейіпкері экранда көп көрінбесе де, есте қаларлық рөл болды деуге болады. Зои "Галактика сақшыларында" да Гамораны гриммен ойнады.