- Негізгі бет
- Кино
- Аты аңызға айналған...
Аты аңызға айналған кинорежиссер Вуди Аллен кинодан кететінін хабарлады
Америкалық режиссер Вуди Аллен кинодағы мансабын аяқтауды жоспарлап отырғанын айтты. Оның келесі фильмі соңғысы болмақ. Бұл туралы ол испаниялық La Vanguardia газетіне берген сұхбатында айтты.
«Менің келесі фильмім елуінші болмақ, менің ойымша, бұл мансабымды тоқтатуға өте жақсы себеп», - деді Аллен.
Режиссер жаңа естелік жазбайтынын, бірақ роман жазуды ойлап жүргенін айтты: «Онда әзіл-оспақ көп болады деп ойлаймын, өйткені менің табиғатым сондай.
Естеріңізге сала кетейік, заманымыздың бірегей тұлғасы – комик актер, продюсер, төрт мәрте «Оскар» сыйлығының иегері, жазушы, көптеген әңгімелер мен пьесалардың авторы. Вуди Аллен әдебиет пен кино һәм музыканың білгірі, сонымен қатар джаз кларнетисті ретінде танымал.
Аллен абсурд пен сатира тоғысындағы ұтымды диалогтарға толы комедияларымен, сондай-ақ Ингмар Бергман шығармашылығының әсері мол психологиялық драмаларымен көпшіліктің сүйіспеншілігіне ие болды. Осы екі жанрдың түйіскен жерінде Аллен «интеллектуал комедия» аталып кеткен жаңа жанр тудырды. Сондай-ақ, әріптестерінің құрметіне оның кинодағы атқарған еңбегі мен фильм түсіру жылдамдығының жоғарылығы себепші.
А. Оралқызы